//

Егер компания туралы ақпарат сұралса

1167 рет қаралды
10

Біздің телекомпаниямыздың қызметі жөнінде ақпарат беру туралы жергілікті атқару органдарының сұраныс хатына жауап беруден бас тарттық. Жергілікті атқарушы орган осындай ақпарат сұрауға құқықтары бар ма? Осындай ақпаратты беруден бас тартуға біздің құқығымыз бар ма? 

«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдарға ақпарат беруге байланысты мынадай норма көрсетілген:

«7. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсi тiркеу, бақылау функцияларын орындау кезiнде және басқа да iс-әрекеттер жасау кезiнде мемлекеттiк органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, оларға жүктелген функцияларды iске асыру үшiн қажеттi ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы.»

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 4-4 бабына сәйкес жергілікті атқару органдарының келесі құзіреттерін белгілейді:

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады;
2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алуды жүзеге асырады;
3) арнайы стационарлық үй-жайларды орналастыру тәртібін және онда эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз өнімін өткізу ережесін бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
6) уәкілетті органға статистикалық деректерді, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу жөніндегі ақпараттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөніндегі мәліметтерді табыс етеді.

Осы екі заң нормаларын салыстыра келе, әкімшіліктің  сұраған ақпаратын ескере отырып, сіз қандай мәліметті беретінізді, қандай мәліметті бермейтіңізді өзіңіз шешуге құқығыңыз бар.

Дайындаған Жанерке.

 

Парақшамызға жазылыңыз

10 Comments

  1. Саламатсыз ба, Жанерке. Орта және кіші бизнесті тексеруге мораторий жариялаған кезде тексеру мүмкін бе?

  2. Құрметті, Мінбер, сіздерге берген сауалдарға жауап болмайды неге? Соңғы кезде тіпті сауалға жазылмаған мәселелерге жауап беріп жатсыздар. Сауалыма жауап беріңіз

  3. Иә, мен сұрақ жібергелі жарты ай болды-ау деймін. күтудемін.

  4. Құрметті, bek! Сайттың жаңалануы мен “Заңгер кеңесі” айдарына әрдайым назар аударып жүргеніңізге рахмет! Айдар аптасына екі рет қана жаңаланатындықтан сіздің сұрақтарыңызға жауап беріп үлгере алмай жатырмыз, әрі, заңдық кеңесті дайындайтын кеңесшіміз жалғыз-ақ кісі болғандықтан да кейде жетіспей жататын жайттеріміз де жоқ емес.
    Оқырман қауымның түсіністікпен қарауын сұраймыз!

  5. Иә, мен үнемі қадағалаудамын. Кейде менің сауалымнан кейін түскен сауалдарға жауап беріліп жатады. Бұны қалай түсінуге болады?

  6. Мен де үнемі іздеп кеп оқып тұрамын сіздерді. Меніңше админге түсіністікпен қарау керек. Олар аз, біз көппіз ғой.

  7. Құрметті Бек, бізге жіберілген сауалдар жауапсыз қалмайды. Кейбір сауалдарға ертерек жауап беріп жатсақ, оның да себептері бар. Кодекстерді ақтарып, соңғы жағартуларды қарап, сауалдарды тауып жібергенше сол болып жатады. Сондықтан, біздің түсінуіңізді сұраймыз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар