Мұрат ШАЙМАРАН. “Еркін аспан өлеңі”(жыр жинағы)
Соңғы жазбалар
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал жаятын жер
Қазақстандықтар долларға қатысты ұлттық валюта бағамын бақылап отырғанда, сарапшылар рубльдің теңгеге шаққандағы қатынасын көріп алаңдайды. Тенгенің
Қазақстан 2025 жылы 2 миллиард ағаш отырғызуды жоспарлаған. Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысында ағаштардың қалай егілгені
Фото: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығына – 15 жыл. Осыған орай Алматыда орталықтың
Фото: kff.kz 2022 жылдың ақпанында Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Екі жылға жетер-жетпес
Бүгін Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінің «Алтын Емел» конференция залында «Абай» баспасынан (директоры Ақберен Елгезек) жарық көрген
2024 жылғы 11 қарашада Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында журналистер мен ҚР мәдениет және
Осы 2024 жылдың екінші тоқсанындағы есепте Ұлттық статистика бюросы 451 мың жұмыссыз халық бар екенін анықтаған,
12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Бұл туралы Азаттық Радиосы
Ақсұңқар — Алтай тауларының жаңғырығын сүйреп жеткен орасан озани ақын қыз. Бұла Бұлғынның ұлпа құрсағынан туған
Рахмет, Мінбер! Осы ақын жайлы естіп ем, кітабын таппай жүр едім. Жақсы болды.
Керемет! Рахмет сендерге!
Бақұлбол, дос
(Ермұрат Зайыпханұлына)
…Тірлік солай тәмәмдалады екен ғой,
Ғарып дүние қаран қалады екен ғой.
Ажал деген
Өле сүйген өмірді
Адамды алады екен ғой.
Охо, менің ай маңдайым, айбатым,
Жүрек тынып, сарқылды ма қаиратың.
Саңырауға сәуле құиған қайда саз,
Бәйгі атындай аласұрған қайда ақын?!
Ейалатау, білесің сен,
Білесің!
Бәсірелепбердің қанша үлесін.
Сеніол құсап сүйе алмайды ешкімде,
Сүйеалмайды күндей көркем Күнесін.
Алау-жалауөрттейболып реңі,
Әлдеқайдаасығыстау жүр еді.
Қақ бөлінген даласындай қазақтың
Қақ бөлініп кеткен шығар жүрегі.
Жанынжайып тұратұғын жанармен,
Бақұлбол, дос,
Басқасөзден не дәрмен.
Сеніораған ақ кебіннің ішінде
Өзімкетіп баратқандай болам мен..
Сүйем ғой мен сізді… Ұлы жүрегіңізді… Дарқан көңіліңізді… Қарапайым болмысыңызды…
Сөз өнеріндегі, әсіресе, поэзиядағы ұлы құбылыссыз сіз, Мұрат аға! Бұл шындықы көп адам мойындағысы келмейді. Олар сізді көре алмайды, қалам қуатыңыздан қорқады олар, сізді бүкіл қазақ білсе өздерінің жазып жүрген шимай-шатпақтары түкке де жарамай қалатынын біледі ол топтағылар… Сіздің жұлдызыңыз әлі-ақ биіктен жанатын болады!
Екі сөздің басын қосқан жанның бәрін құбылысқа теңесек неміз қалады. Сүйсең өз жайыңа сүй, бірақ сөз өнеріне кір келтірме
Өзіңіз Мұрат ағаны білмей тұрып оған тіл тигізбеңіз. Сөз өнерін білетін ақылдысымақтар жетеді.
Мұқаң, заманынан озып туған ақын гой. Не жазса да жүрегимен жазады!Мұндай ақындар казіргі әдебиетімізде сирек. Қайдағы түкке тұрғысыз ақындарды мадақтай бергенше, осындай кісілерді ардақтау керек қой! Жарайсыз, Мұрат аға! Қаламыңыз заулай берсін!!!
Бір өлеңін оқысам бұйырмасын, оқымай тұрып артық мақтау ұят
azat, мырза, сіздің қай жеріңізге шоқ түсіп кетті? Ақынды сізде қатты сүйесіз-ау тегі. 😀
Құдай сақтасын, еркекті еркек сүйгеннен. Ондай тек іріп шіріген Еуропада ғана.
Әзіл ғой. Негізі менің айтып отырғаным сіз ойлап отырғандай сүю емес. Абайды сүйгендей, ұлы Мұхтарды сүйгендей сүю… Меніңше Мұрат поэзиясы әлі шын бағасын алғаны жоқ. Мұрат Шаймаран және Мұрат тектес ақындардың да басты қасіреті осы. Қазақ елінде жүріп жатқан барлық үрдістер арасынан әдеби саяздану мен ақын-жазушылар арасындағы бақталастықты да бөліп-жарып қарай алмаймыз. Бұл қасіреттің себебі тек қана біз айтып отырған жайттермен тынбайды… Ол жүздеп, мыңдап кездеседі.
Мен Баукеш пен Мейіржанның пікіріне қосыламын. Ол жайлы ақын өзі де қалам тербеген ғой: “Өтеді жылдар қобыз кеудемді шертумен,
Өтеді жылдар «Мен атайын да, Сен тұрмен!»
Ақтық күніңнен – ажалдан да ауыр үнсіздік,
Қазақтың барлық ұлы шайырларын өлтірген.”
Мұрат аға “Еркін аспан өлеңі” құтты болсын! Аман жүріңіз, жақсы жырлар жазыла берсін! Өміріңізбен өлеңіңіздің арасындағы жарасымдылық жасай берсін!
ооо, рахмет Мейржан! Мұрат ағайдын кітабын окыгыыыыыыыыыыым келіп жур еді. Куштііііііііііііі , әрі ынғайлы етіп шығарып койыпсын :))
Айнұржан, рахметті Мінберге айт!
рахмет Мейржан оқығанға өте ыңғайлы. ағайдын өлеңдерін бұрын естігенім болмаса бірінші рет оқып отырмын маған өте қатты ұнады!
Өлеңдері керемет.
Рахметімді Мейіржанға да, Мінбергеде айтайын. Рахмет. Мұрат аға өлеңдеріңіз өте керемет. Қаламыңыз ұштала берсін.
Қаламы ұшқыр ұстаздардың бізге сабақ бергендеріне рахметімді айтамын. Мұрат ағайдың өлеңдері, айтқан әңгімелері өте керемет.
Мұрат Шаймаран қазіргі орта буын ақындарының ішіндегі ірі ақынның бірі. Бірақ, ол асып-таспайды, өзін жариялаудан аулақ. Сондықтан да Мүкеңнің орынын кейбір пасықтар басып кетіп жатқанына қынжыласың. Жұмекен, Кеңшілік, Тоқаш ақындардың насихаты аз болғандықтан оларды көбісі атамайды. Мұрат ағамыздың үшін де біздің ойлайытын басты қорқынышымыз – осы.
енді ҰЛЫ демей ақ қояйық,ұяттау болар,Мұрат інімді бұрыннан танимын, бұл жігіт те шараптың дәмін жақсы айыратын сияқты еді,маған осы баланың қарапайымдылығы ұнайды.жас ұрпақтың інімді әспеттеп жатқанына көңілім марқайып қалды.қарғаларым Абай да Мұхтар да ҰЛЫ емес, тек ДӘНІШПАН пенделер ғана еді….
рахмет, Мейіржан. Ағайды жастанып жатып оқырмыз!
“менің жаным жер секілді бір жұмбақ, байлығын да жасыратын мың жылдап”, – деп аса таланытты ақын Пабло Неруда айытқанындай тұтас бойынан болымысы ғана аңқып тұрар жалбыз сынды, өзгенің мақтауы мен қолпашын өзіне мәнсұқ етпеген, орта буынның ішінде оқ бойы алда тұрған, музасы сағынышқа айналған бірден-бір таланытты ақын. бір ғажабы осы сапарындағы жолсерік болар үзеңгілестерімен “алды ақ жайлау” ағаларынан гөрі артынан ерген бөлтіріктерінің тілеулестігі тым жоғары сынды.
мен кіммін,,,,,