///

Қазақстанда wordpress.com бұғауланған жоқ

897 рет қаралды
4

Бұл туралы Душанбеде өтіп жатқан ХІІІ Орталық Азиялық БАҚ конференциясында Байланыс және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат жөніндегі департаментінің басқарма басшысы Мақажан Шәйкен мәлім етті. Оның аталған конференциядағы баяндамасының атауы “Қазақстанда интернетті реттеу” деп аталды. Ол Қазақстандағы ІТ сауаттылық жайында сөз қозғай отырып, елдегі интернетті құқықтық реттеу жағына тоқталды.

– 2009 жылдан Қазақстанда интернеттегі ресурстарды БАҚ-қа теңестірген заңның қабылданғаны мәлім.Оны халық арасында “Интернетті реттеу туралы” заң деп атайды. Дегенмен, бұл интернеттің дамуына тұсау салып отырған жоқ.Соңғы жылдары интернет сайттарды тотальды түрде бұғаулау болған емес. Тек 2011 жылы арнайы прокуратураның шешімімен терроризм, эктремизм және порнография элементтерін таратқаны үшін біраз сайт бұғауланды.

Қазір оппозициялық “Республика” сайты ашылмайды. Бірақ оны жабу жөнінде ресми шешім қабылдаған жоқ. Ол өздерінің техникалық проблемалары. Мысалы, жақында ғана мемлекеттік “Казправда” газетінің сайхакерлер шабуыл жасады. Мұндай мысалдар болып тұрады. Бірнеше жылдан бері Live journal платформасы бұғауланып келеді. Өйткені онда бірнеше блог терроризм мен экстремизм элементтерін тарататын болды. Біз оларға осы жайында ескерту жасадық. Бірақ біздің ескертуімізге ешкім реакция танытпады. Ондай ескертулер mail.ru платформасына да жасалған еді. Олар ескертуге құлақ асты. Сол секілді осы көктемде бірнеше ай бойы wordpress.com блогплатформасы бұғауланды. Олар біздің ескертуімізді қабыл алғаннан кейін. Бұғау алынды. Қазір wordpress.com Қазақстан тұрғындары үшін ашық, – деді ол.

Мақажан Шәйкеннен кейін сөз алған Бәсекелестікті зерттеу орталығының директоры Әділ Нұрмақов билік кейбір шешімдерді ашық түрде қабылдамайтындығын айта отырып, елде google.com-ның кейбір қызметтері істемейтіндігін айтып өтті.

Есен Байнұр.

Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. WordPress.com -ның өзі ашылады, ал соның ішінде 500 аса қазақ тілді блогтардың көпшілігі ашылмайды. Негізі белгілі бір блогты жапса, қалғандарына зияны тимейтіндей етіп істесе абзал болады. Бұл қазақ тілді интернетті дамытамыз деген Қазақтелекомның ісі керісінше болып отыр. Өйткені жақсы да, мәнді және сапалы қазақ тілді контенттің шоғырланған жер осы блогтардың ішінде еді. Осыған қатысты Ешқандай өздерінің жауаптарын бермеді!!! Жақын арады Қазақтелеком ашады деп сенемін.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар