Жапония Apple жанкүйерлері сайты Macotakara-да хабарлануынша Apple компаниясының бесінші дәуір қалтафоны IPhone 5-тың жобасы әлдеқашан жасалынып, оған тіпті де үлкен экран қойылады екен. Аталған сайттың мәлімдеуінше компания CEO қызметін атқарушы Стиф Джобстың дүниеден озуына байланысты таратылым ісі тоқтап, жаңа CEO атқарушысы міндетіне отырғаннан кейін бұл жұмысты қауырт қолға алып, тәмамдауға асығып отырғанан айтады.
Macotakara берген ақпараттарға негізделгенде IPhone5-ке жоғары техникалы экран орналастырылған. Ол келесі жылдың наурыз айында сатылымға түседі екен. Қолданыстағы IPhone 4S қалтафоны бұрынғы IPhone 4-ке негізінен ұқсас екені белгілі, бірақ, осы ретте қолданушыларға жол тартпақ IPhone 5-те ауыз толтырып айтарлықтай үлкен өзгерістер бар екендігі жайлы айтылуда. Тағы бір ақпаратқа сүйенсек, IPhone 5-тың жалпыбеттік жобасы IPhone 4S шығудан бұрын-ақ жасалынып қойылған. Сол уақытт Джобс экран үлкен болып жобаланғанда IPhone 5-тың сапасына әсер етеді деп алаңдағандықтан, дайын өнімге аздаған өзгерістер енгізу арқылы Iphone 4S-ты жасап шыққан. Ал, соңғы хабарлар IPhone 5 экраны жайлы алаңдаудың қажеті жоқ және оның телефондық қуатының да қолданушыларын риза ететіндей дәрежеде екендігін растай бастады.
Сарапшы мамандардың пікірінше егер IPhone 5 барлық қуаттарын сақтап, сәтті түрде қолданушылар қолына тисе, олар аталған өнім Android қалтафондарына ең үлкен бәсекелес болады деп отыр.
Дайындаған: Мейіржан
Парақшамызға жазылыңыз
Бұл IPhone 5-тің мүмкіндігі өте зор! Қазақстанға наурызда келеді деңіз…
Керемет дүниелерді ойлап тапқан тұлғаның өмірден кеткені, әрине ішті қынжылтады! Көптен күткен IPhone 5 Қазақстанға сатылымға келгенін күтудеміз!