Жала жабу мен қорлауды қалай айыруға болады? Жала жапқанда қылмыстық жауапқа тартылады деген рас па? Мен білім саласындағы пара мәселесі жайында мақала жазған едім. Енді құзырлы шенеуніктер сені сотқа берсем 3 жыл бас бостандығыңнан айырыласың деді.
ҚР Конституциясына сәйкес адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.
ҚР Конституциясының 18-бабына сәйкес: әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
Жала жабу дегеніміз басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату
Қорлау дегеніміз басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту
Мақала жазбас бұрын журналист ол ақпараттың нақты екенің және шындыққа сәйкес екеніне сенімді болуы тиіс, дәлелдей алатындай нақты қайнар көзі болуы тиіс. Ал егер бұл ақпаратыңыз шындыққа сәйкес болса қорқудың еш мәні жоқ. Жалпы заңнамаға жүгінсек:
ҚР Қылмыстық кодексінің 129-бабының 3 тармағына сәйкес адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабының 2 тармағына сәйкес көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын шығармада, не бұқаралық ақпарат құралдарында қорлау – жүз айлық есептiк көрсеткiштен төрт жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Дайындаған: Жанерке
Парақшамызға жазылыңыз
Өте жақсы мәліметтер, рахмет сіздерге!
Иә, бұл айдарды тек журналистер үшін деп ашып отыр екенсіздер. Өте жақсы, бірақ қарапайым халық үшін ішінара кеңестеріңіз тым-тым қажетті дүниелер. Бұдан да тезірек жаңалап тұруларыңызды сұраймын.
Негізгі қазіргі мүмкіндігіміз аптасына екі рет жаңалау. Ал, тек қана медиа құқыққа қатысты емес, сонымен бірге келген сауалдардың барлығына жауап беруге тырысып жатырмыз. Негізінде біздің заңгер медиақұқықты зерттеуші болатын. Дегенмен соған қарамастан өзге сауалдар даназардан тыс қалмайды.
Өте құнды кеңестер екен. Рахмет!
Саламатсыз ба, біздің қорымыздың негізгі бағыты – журналистік. Жарғысы бойынша (Устав) президенті 3 жылға сайланған. Алдағы қаңтарда үш жыл толады. Жетекшісін қайта тағайындау үшін не істеу керек? Қайта тіркеуден өте ме? Жетекшісі орнында қалған жағдайда не істейді?
Мұндай мәліметтер кез келген болашақ журналистер үшін аса қажет! Көп рахмет!
Мекен-жайдың ауысуына байланысты есепке қою туралы куәлікке өзгертулер енгізуге бола ма?