2-желтоқсан күні сауда-байланыс желісі LinkedIn-ның бөлім меңгерушісі және жоғары дәрежелі атқарушы өкілі Deep Nishar аталған сайтқа тіркелушілер санының әр 5 секундта 10 адамға жеткенін мәлімдеді. Кезекте сайттың тұрақты қолданушылар саны 135 миллион адам.
Deep Nishar Нью-Иорк қаласында өткізілген IGNItion жиналысында журналистерге берген жауабында: «Сайтымызға әр 5 секунд сайын 10 адам тіркеледі, әлемдегі 200-ден аса мемлекетте 135 миллионға жуық қолданушымыз бар»,- деді. Оның айтуынша әлемдегі сауда-бизнес жарнасы құлдырай түсуде, ал аталған сайттың сауда-байланыс саласы бойынша жарнасы жалғасты өсу үрдісін сақтаған. Маусым айының 30-жұлдызында және екінші маусымда LinkedIn-ның жалпы кірісі бір еселеніп, таза кіріс 5,1%-ды құраған. Үшінші маусым аяқталғанда аталған компанияның кіріс мөлшері сарапшы мамандардың межесінен асып түсетініне сенімді екенін де жасырған жоқ.
Парақшамызға жазылыңыз