//

Гүлнәр Балақаева: Студенттердің сапалы маман болуы үшін аянбай еңбек етеміз

990 рет қаралды
1

11 желтоқсан Білім күніне орай ҚазҰУ-дің оқу жұмысы жөніндегі проректоры  Балақаева Гүлнәр Төлтайқызы университеттің белсенді студенттерімен кездесу өткізді. Мұндай форматтағы кездесуді алғаш Академиялық істер жөніндегі департамент және Болон Үдерісі бойынша Ұлттық Студенттік Бюросы мен бірлесіп өткізген еді. Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен БҮбҰСБ бағытының координаторы Диана Успанова студенттер мен басшылық арасына қатысты екі жақты қызықтыратын барлық сауалдарды атап өтті.

Химия факультетінің үлкен залында проректорға сұрақ қойғысы келетін 500-ге жуық студент жиналды. Гүлнәр Төлтайқызы ҚазҰУ оқу жүйесіндегі жаңалықтармен бөлісіп, алдыңғы қатарлы шетелдік университеттердің қатарына қосылу мақсатында оқу жоспарын қайта құрып жатқандығын айтты. Проректор барлық студенттерге университеттің академиялық даму мүмкіндігінің арқасында қосымша білімді кез келген ЖОО-да алуға болатынын және дұрыс таңдау жасау керектігін осы кезден анықтауды ойлану қажеттігін жеткізді. ҚазҰУ студенттері өзге ЖОО-да білім алуға болатындығы мен меңгеруге тиіс пәндерді қайта оқуға болатынын еске салды. Гүлнәр Төлтайқызы оқу жылының басынан бері 160-тан астам студент танымал шетелдік ЖОО-да білімін толықтырып жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар QS компаниясының жүргізген әлемдік рейтингінде ҚазҰУ 401-450 орынды иеленіп, еліміз бойынша өзіндік оқу бағдарламасы қалыптасқан ЖОО атанды. Білім беру сапасы, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, оқу жүйесіндегі жеңілдіктер әлем елдерінің назарын аударуда, – деді проректор. Студенттер ҚазҰУ сайтынан университет жайындағы толық ақпараттармен, болып жатқан жаңалықтармен таныса алады. «Біз оқу процессін жоғары деңгейде қалыптастырамыз. «Универ» жүйесінен көптеген сұрақтарға жауап ала аласыздар» , – деді Г.Балақаева.

Бұған дейін мұндай кездесулердің жиі болмайтындығы салдарынан, студенттердің проректорға қоятын сауалдары да өте көп екен. Дегенмен, уақыттың тығыздығынан барлық сауал қойылып үлгермеді, сұрақтардың барлығына жауап беру де мүмкін болмады. Бұл сауалдар БҮбҰСБ-ның Академиялық бағытына жолданып, қажетті жауабын алуға болатын болды. Өз сұрақтарын  факультеттің старосталары арқылы қойса, академиялық сұрақтар бойынша департамент жауап береді.

Әрине сауалдардың барлығы қысқы сессия жайында өрбіді. Проректор біздің университеттегі емтихан халықаралық стандартқа сай өткізілетінін айтты. «Бұл – әлемдік тәжірбие, – деді проректор. – Осының нәтижесінде біз сіздердің жоғары дәрежелі маман болатындарыңызға сенеміз. Студенттердің назарына: емтихан кезінде шпаргалкамен ұсталғандар емтиханнан шығарылып, «F» бағасын алады. Қайта тапсыру маусым айында, одан кешіксе, келесі оқу жылына қалуы мүмкін.

ҚазҰУ студенттері еуропалық стандарт бойынша оқиды және өз балын жоғарылатуға қашан да мүмкіндігі бар. «Оқу ақысына жеңілдік алу үшін GPA қандай болу керек» деген сауалға проректор GPA 4.00-ге тең болса, 25 пайыз, GPA 3.67-4.00 аралығында 15 пайыз жеңілдікке ие бола алады.

Ағылшын тілі де назардан тыс қалмады. Студенттер 3-4 курста ағылшын тілін меңгеруі керек. Г.Төлтайқызы: «Университеттің лингвистикалық орталығында студенттер тіл үйренуде жеңілдікке ие. Таңдау курстарына қатыса алады. Сонымен қатар университеттің академиялық мүмкіндіктері жөнінде де сауал қойылды. Проректор барлық факультеттерде таңдау пәндері бойынша каталогтар бар екенін хабарлады. Тіркелген студент дәрісті тегін тыңдау арқылы емтихан тапсырмай, «дәріс тыңдады» деп транскриптке енгізіледі. Бұл жұмысқа орналасу барысында көп көмек береді.

Жоғары курс студенттері мен магистранттар сонымен қатар университеттің академиялық мүмкіндіктеріне қызығушылықтарын білдірді. Магистратураны шет елде оқуды Білім және ғылым министрлігі мойынына алды. Кездесуден соң проректор: «Сіздер де бізді үйретесіздер. Оқу жүйесіне енгізілген өзгерістер, білімді бақылауды күшейту жұмыстарының барлығы сіздер үшін. Мен сіздердің әрқайсыларыңыздың шет елге барып оқып, өз саласының қажетті маманы атанатындарыңызға сенемін. Біз сол үшін аянбай еңбек етудеміз», – деді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық саясаты және емтихан тапсыру ережелері «Универ» жүйесіне енгізілген. Дегенмен кез келген адам қызықтырған сұраққа жауапты құлағымен естігенді дұрыс көреді. Мұндай мүмкіндік еліміздің ең беделді университеті студенттеріне әлі талай туатынына ұйымдастырушылар уәде берді.

 

ҚазҰУ-дің академиялық мәселелер

департаментінің директоры

Айгүл Ақтымбаева

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар