//

Тағы да авторлық құқық туралы

3977 рет қаралды
2

Интернет журналистикадағы авторлық құқықтың сақталмауы қазір белең алып отырған ең ауқымды проблемалардың бірі. Бұл жайында біздің авторлық құқық туралы заңдарда арнайы баптар қарастырылған ба? Егер қарастырылмаса авторлық құқық бұзушылықтарды қалай шешуге болады? Рахмет, Жанерке!

 

Жауабы:

Қазақстанда Интернеттегі авторлық құқықты реттейтін механизмдер жоқ.

Көптеген мемлекеттерде авторлық құқықты бұзғаны  үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, бірақ оған қарамастан авторлардың мүліктік емес құқықтары қорғауда әлі де механизмдер жеткіліксіз, атап айтқанда авторлардың құқықтарын заңсыз пайдалану сияқты құқықбұзушылықтар.

Авторлар жаңа музыкалық туындыларын жазуда әлемдік желі қызметтерін қолайлы көреді.

Интернет-қарақшылық дегеніміз авторлық құқықпен қорғалатын, жеке және коммерциялық қолдануға арналған тыйым салынған материалдарды көшіру мен тарату.

Мысалы, Еуропада интернет-ресурстарына толықтай көшкен дыбыс жазумен айналысатын ірі компаниялар бар. Міне, пайдаланушыларға фильмдер мен әуендерді табуға, алуға және авторлық құқықбұзушылыққа осылар жиі ерік беретін сыңайлы.     Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңда төмендегідей нормалар көрсетілген.  Осы заңның 15-бабына сәйкес автордың өз туындысына қатысты мүлiктiк емес жеке құқықтары көрсетілген:

1. Автордың өз туындысына қатысты мынадай мүлiктiк емес жеке құқықтары болады:

1) туындының авторы деп танылу құқығы және оны тануды, соның iшiнде, егер iс жүзiнде мүмкiн болса, туынды кез келген жария пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың есiмiн тиiстi түрде көрсету арқылы тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

2) туынды пайдаланылған кез келген жағдайда оның даналарына автордың шын есiмiнiң орнына лақап есiмiн (бүркеншiк есiмiн) көрсету және соны талап ету немесе есiмiн көрсетуден бас тарту құқығы, яғни жасырындық (есiмi аталу құқығы);

3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).

4) туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы).

2. Бұрын қабылданған шешiмнен пайдаланушыға келтiрiлген зиян, соның iшiнде оның айрылып, қалған пайдасы өтелген жағдайда автордың туындыны жариялау туралы ондай шешiмнен бас тартуға құқығы бар (керi қайтарып алу құқығы). Егер туынды жарияланып кеткен болса, автор оны керi қайтарып алатыны туралы жария түрде хабарлауға мiндеттi. Бұл ретте ол туындының бұрын дайындалған даналарын өз есебiнен қайтып алуға құқылы.
Қызметтiк туындыларды жасаған кезде бұл тармақтың ережелерi қолданылмайды.

3. Автордың мүлiктiк құқықтарына қарамастан, оның мүлiктiк емес жеке құқықтары болады және оларды туындыны пайдалану жөнiндегi айрықша құқықтарын бiреуге берген жағдайда да сақтап қалады.

4. Авторды оның осы бапта көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтарынан айыруға болмайды.

5. Автор қайтыс болғаннан кейiн оның мүлiктiк емес жеке құқықтары осы Заңның 30-бабында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:

1) құқықтарды тану;

2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;

3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;

4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;

5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу алдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;

6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;

7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актiлерiнде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5), 6)-тармақшаларында аталған шаралар авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң таңдауына қарай қолданылады.

2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.

3. Сот авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс.
Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар