//

«Сантос» финалда, Кезек «Барсада»

988 рет қаралды

Бразилияның «Сантосы» күншығыс елінде өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем біріншілігінің жартылай финалында Жапонияның «Касива Рейсол» командасын жеңіп ақтық сынға шықты.

Либертадорес кубогының иегері қарсыластарынан 3:1 есебімен айқын жеңді. Бразилиялықтар сапында көзге түскендер Неймар (19 минутта), Боржес (24), және Данило (63). «Касива» кұрамындағы жалғыз голдың авторы Хироки Сакаи (54).

80 минутта «Сантос» құрамында мәскеулік «Спартактың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Ибсон шықты. Ол бір голды өз атына жазатын керемет мүмкіндігі мүлт жіберіп алды, соққысы қақпа маңдайшасына кез болды.

«Сантос» «Барселона» мен катарлық «Аль-Садд» ойынының жеңімпазымен 18 желтоқсан күні Йокогама стадионында кездеседі.

Minber-Sport

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар