//

Елбасы сөзінен

645 рет қаралды

15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай Астананың Тәуелсіздік сарайында салтанатты жиналыс өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған сөзін: – Қымбатты отандастар! Бар игілігіміздің бастауы болған құтты Тәуелсіздігімізге 20 жыл толды! Бұл байтақ еліміз үшін теңдесі жоқ тарихи күн! Бабалар аңсарын ақиқатқа айналдырған еліміз үшін ұлан-асыр той! Ендеше, баршаңызды, сіздер арқылы барлық Қазақстан халқын, ұлыстың ұлы күнімен – Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!!! деп бастады.

Одан әрі ол:- Біз алтын таққа отырған асқақ дәуірлерді де, өзгенің бодауында болған кер заманды да бастан кешкен елміз. Сондықтан халқымыз азаттық рухын терең сезініп, жан-жүрегімен түсіне біледі. Азаттық – Ұлы Даланы мекен еткен аталарымыздың асыл арманы еді. Біз осы асқақ арманға қол жеткіздік. Осыны терең сезіну патриотизм мен мемлекеттілікті нығайтуға мүмкіндіктер туғызады, – деп жалғады сөзін. Президент: «Тәуелсіздік – тәуекел еткеннің ғана тағдырына бұйыратын бақыт!Егемендік алу – оңай емес, ал еңсесін тіктеген ел болу одан да қиын» деді. Ары қарай Елбасы мемлекеттік тіл мәселесіне де ерекше тоқталды: – Баршаңыз білесіздер, Қазақстан халқын біріктіретін қуатты құрал – ол біздің мемлекеттік тіліміз. «1991 жылы қазақ тілінде білім алған шәкірттердің саны 32-ақ процент болса, ол көрсеткіш бүгінде 85 проценттен асты. Енді 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгерген отандастардың үлесін 95 процентке жеткіземіз. Тәуелсіздік жылдары қазақ халқы – ұлыстың ұйытқысына, қазақ тілі – тұтас ұлыстың ортақ тіліне айналды. Еліміз қуатты болса, мемлекеттік тілдің болашағы да соншалықты шуақты болмақ» деп түйді.

Ол еліміздің 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріне тоқтай келіп «елдің тәуелсіздің бүгін және келешекте кемелдендіретін қайнар бұлақтарын атап көрсетті. Олар: Біріншісі, біздің халқымыздың мызғымас тату-тәтті бірлдігі; Екіншісі, индустриализация; Үшіншісі, инновация; Төртіншісі, интеграция; Бесіншісі, әділетті әлеуметтік қорғау;

Minber-Ақпарат

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар