///

Жаңаөзен: бүліктің қолдан ұйымдастырылғанына 10 дәлел

786 рет қаралды
1

Жаңаөзендегі оқиға арнайы ұйымдастырылды дегенге сенімім көптеу еді. Әділ Нұрмақовтың “Жаңаөзен” оқиғасы жайлы ақпараттың қалай таралғанына жасаған сараптамасы біраз жайттың бетін ашты.

Әділ Нұрмақовтың Yvison.kz блогында орыс тілінде жариялаған жазбасындағы ойларды түйіндеп ұсынып отырмын:

Жаңаөзендегі оқиға алдын ала ұйымдастырылған:

  1. 14 желтоқсан күні Әблязовқа тиесілі “Респбулика” газеті ереуілге үндейтін хабар таратты.
  2. Ол ақпаратты қазір Лондонда жүрген Әблязовтың ықпалындағы Ержан Досмұхамедов да көпшілікке таратады.
  3. Жаңаөзендегі оқиға болған кезде К+ пен қатар “Республика” да ұшқырлық танытып, бірінші болып ақпаратты жариялайды. K+ тілшілерінің әскери жасақтың трассаға келіп түсу сәтін түсіргеніне қарағанда алдын ала түсіруші топтың дайындығын байқауға болады. Тіпті дүниенің түкпір-түкпірінен пікір жинастырып, Брюсселден де сарапшыны сөйлетеді.
  4. @zhanaozen атты туиттер аккаунтындағы сөйлемдер “атыс, өлім, билік” деген сөздермен көмкерілген.
  5. Әлеуметтік желілерде айналасына әсіресе ұлтшылдарды топтастырған Серікжан Мәмбеталиннің депутаттық сайлау алдындағы белсенділігі артты. Бұл істерді атқарудағы қаржы көзін ол қайдан тапқаны белгісіз.
  6. Жаңаөзендегі жағдайдан кейін Мәмбеталинге 17-сі күні Алматыда да минтинге адамдарды жинастыру тапсырылғанға ұқсайды.
  7. Батыстағы ақпарат құралдары Жаңаөзендегі оқиғаны Өзбекстандағы Әндіжан тәрізді етіп көрсетуге тырысты.
  8. Билік дер кезінде ақпарат бергені дұрыс болды.
  9. Адамдарды дүрліктіру үшін ұйымдастырушылар “билік халыққа оқ атты” дегенге барынша екпін түсірді.
  10. Бейбіт шерудің соңы не себепті лаңға ұласқанын тексеретін арнайы тәуелсіз комиссия құрылуы тиіс.

Орыс тіліндегі толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Дереккөз: neweurasia.net/kazakhstan

Авторы: Асхат Еркімбай

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Сорлау ұйалмайсың ба бықсып отырғанға. Он тал сақалың құсатып он тал аянышты дәлел келтірмек бопсың. Көрер ем Жаңа-өзенде туған, сонда аш-жалаңаш жүрген адам болсаң. Сорлы екесің.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар