Бүгін олар баспасөз мәслихатын өткізіп, талаптарын жариялады. Маңғыстау облысына барып қайтқан қоғамдық комиссия ” Жаңаөзен оқиғасы саяси бағасын алуы тиіс, халыққа оқ атқандар мен атуға бұйрық бергендерді жазалау керек” деп отыр. Сондай-ақ, комиссия жалпыұлттық қаралы күн жариялау және мұнайшылар мәселесін шешуді талап етті. “Мәселені ушықтырмау үшін билік алдағы кезектен тыс сайлауды да кейінге қалдыруы тиіс” – дейді комиссия мүшелері. Қоғамдық комиссияға мүше саяси қайраткер Әміржан Қосанов: “Бірінші орында, қатардағы солдаттар емес, бұйрық берген адамдар лайықты жазасын алмай, саяси баға берілмей тұрып, әкімдердің, мұнай компаниялары менеджерлерінің орнынан алынуы қоғамдағы дүрлігуді басуға жеткіліксіз” – деді.
Комиссия мүшелері көрген-білгендерін “ауыр жағдай” деп сипаттайды. Түрлі кедергілерден сытылып шығып, көріп білгендерінің өзі олардың құйқа терісін шымырлатқан. “Жас Алаш” газетінің бас редакторы, қоғамдық комиссияның мүшесі Рысбек Сәрсенбай: “Он тоғыз жасар жас жігіттің айтқаны: Үйінде отырған кезде далада атыс естілген. Не болды деп далаға шыққанда аяғына оқ тиген. Құлап қалған жігітті бір үлкендеу кісі тұрғызып жатқанда, ОМОНдар келіп, сойылмен басынан ұрып, жерге сылқ еткізген” – деп, қанды қырғында жапа шеккен жігіттің жағдайын айтып берді.
Дереккөз: stan.kz
Парақшамызға жазылыңыз
сайлау майлаудан бұрын шұғыл түрде қоғамды бүлдірген үкімет түгелімен орнынан кету керек. жеті ай бойы мәселені шешпей үйшігінен шықпай, асты шіріп кеткенше тап жылмай отырғандар енді ұяты, тинәмдай жылты болса өздері отставкаға кетуі лайық. басқасын содан кейін көрерміз. мынау шіріген, шешімсіз үкімет ісі.
Тағы да қан төгілді. Мереке күні Маңғыстауда бейкүнә адамдар опат болды. Елге обал болды, бейбіт күнде қан төгілді, қазақ пен қазақ қырылысты! Билік те, азаматтарымыз да амбицияларын тоқтатып, елдің болашағын ойлауы керек қой. Сыртқы күштер “Араб көктемін” біздің елге де әкелгісі келеді, ал ішкі күштеріміз өз туған азаматтарын бауырға басып, олардың проблемаларын жеті ай бойы күткізбей-ақ шешуі керек емес пе еді?! Адаспайық ағайын, басқа елдерде болған қантөгістерден сабақ алайық!
Билік пен байлық деген екі сиқырлы күш адамды есеңгірету жағынан кез келген есірткіден кем түспес әсері жағынан, ол өзінің күшіне сеніп, мықтылығын дәріптеумен болады, бұл оның әлсіз тұсы. Күшпен шара қолдану Кеңес дәуіріне тән биліктің амалы, ол орта және ұзақ мерзімде оң нәтиже әкеле қоймас. Кешегі биліктің Президиумында отырған Әбіш Кекілбай сияқтылар неге барып халықпен тілдеспейді, көңіл айтып, жұбату айтып, солардың мұң-мұқтажына тәржімеші болса баяғыда бұл мәселелер шешілмес пе еді? Билік халықтың алдында еңкейсе ол биліктің төмендегені емес, қайта халықтың қошеметіне ие болып, биіктегені дер едім….
Сыртқы күштердің ойындарына сақ болуымыз керек, ұлттық бірлігіміз дәл осы күндері ауадай қажет! Империялист күштер біздің билікті өз азаматтарына қарсы күш жұмсауға итермелеп жатыр, алуан түрлі әккі тәсілдермен арандатушылық жоспарлы түрде жылдар бойы жасалып келеді. Біздің мықтыларымыз мықтылықтарын дәріптеуден осындай көкейтесті нәрселермен шұғылдануға уақыт таба алмай әлек. Ливияда, Сирияда, Мысырда т.т. осындай сценарийлер қойылған, билік өз халқына қарсы күш қолданып, аяғы өршеленген жұрт ашық күреске шыққан, Батыс оларға қару-жарақтан бастап, қаржы, техника т.б. бәрін беріп қолдады ғой….
КЕЗДЕСУдегі Бірінші полицай, сөйлеген сөзі мен сөйлем құрау лексикасына қарағанда шымкент пен жамбылдың ДТ немесе ҚТ-сы екені көрініп тұр. Яғни ЖаңаӨзеннің ІІБ-мі мен Ақтаудың ІІБ-іне Югтің өзбек психологиялы қазақтары жайлап болды деген сөз. Кешегі күні Маңғыстаулықтарға қарсы ОҚ атқан ҚАНЫПЕЗЕРлер де осылар. АСА сақ болыңдар жерлестер. Ашық ауыздық ешкімге де пайда әкелген емес. Ішіңді берме оларға. “Жау жоқ деме жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында”,-деп кешегі Ақтаудағы кездесуде елбасының ӨЗІ айтып отырған жоқ па. Дәрежесіне қарамай, Түстіктің бір адамына да сенуші болмаңдар түбектің жұрты. Көзіңе қазір керім болып көрінсе де, түптің түбінде, бәрібір артынан сатып кетеді. Жеті айға созылған, 1931 жылғы “Адай көтерілісі” 80 жылдан кейін тағы да көрініс тауып отыр. ОЛ кезде де қарапайым АДАЙ халқы әлеуметтік әділеттіліктің жоқтығынан зәбір көріп, қан-жоса болып зардап шегіп Кеңестік Үкіметтен геноцидтік қырғын тауып еді. Бұл жолы, 2011 жылы да түбектің қарапайым жұмысшы халқы, “РД” КазМунайГаз” басшыларынан жалақы төлеуде әлеуметтік-әділеттілікті 7 (жеті ай) бойы талап етіп, БЕЙБІТ түрде ереуілге шығып, “мүйіз сұрап, сақалынан айрылғанның” кебін киіп қалды. Бейбіт заманда, 16 (оналты) Адай оққа ұшып, жоғарыдағы ДТ, ҚТ полицайлардың мылтық ұстаған қолдарынан опат тапты. Батыс облыстарда неге және не үшін әскер күшін орналастырып қойғанын БИЛІК айқара ашып алды. Бұл да естеріңнен ешқашан өшпейтін сабақ болсын, әлеумет қазақ.