Біз бұдан бұрын Түркияда тұратын, жасы 118-ге келген, ал азаматтығын осы жуықта ғана алған Алаш Анасы туралы «Мінбер.kz» сайдымызда жазған болатынбыз. Бақсақ бұндай оқиға, әлде кездейсоқтық, мүмкін тағдырдың жазуы – өз басымызда да бар екен. 2012 – ұлу жылының бірінші күні Қазине-апа Исмаилова өзінің 111 жасқа толған туған күнін тойлаған. Интернет сайдтардың (BNews.kz ; World news agency) жазуына қарағанда Қазине-апа Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Осыдан екі-ақ жыл бұрын туған елінің – Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, көк паспортқа ие болып, жыл бұрын тұңғыш зейнетақысын алған екен.
Қазине-апа қазір де тың, ширақ көрінеді. Бес уақыт намазын қаза жібермей, қажет болса іс те тігеді екен.
Мінбер ақпарат
Парақшамызға жазылыңыз
Сонда бұл кісі Ақмолада туса Қазақстан азаматтығын алғаны қалай?
Ертай мырза несін таңданып әрі күманданасыз. Біздің елден бәрін күтуге болады. Осыған әлгі апам да аң таң…..