//

Америка жасөспірімдері Интернеттің көмегімен армандарына қол жеткізуде

956 рет қаралды

Американың жергілікті тұрғындары – үндіс текті америкалықтарға Интернет өз армандарын жүзеге асыру жолында ниеттес құрдастарын табуға, сұхбаттасуға, тәжірибемен алмасуға, рухани демеп отыруға мүмкіндік тудырды. Native Youth Magazine.com  [http://nativeyouthmagazine.com] сайты 2005 жылдың 1-шілдесінде ашылып, алты айдың ішінде айына 2000 қолданушыны жинап үлгерді.

Бұл сайтты жасаған теле жаңалықтар тілшісі Мэри Ким Титл үндіс текті жас америкалықтардың дарыны, ой арманы тоғысатын Интернет-журнал жасасам деген мақсатына қол жеткізді.Сайт 12 мен 25 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерге өздерінің өлеңдері, мақалалары мен суреттерін, көркемдік жұмыстарын жолдауға шақырады. Журнал мәліметті көпшілік болып пайдалану мен дарынды оқырмандарды қалыптастыруға бағытталған.

Америка Құрама Штаттары мен Канададағы үндіс текті америка жастары сайттың үндеуін қабыл алып, жолдаған шығармалары «Профиль» бөлімінде жарық көріп тұрады. Мисиссипи штатындағы чокто тайпасының өкілі, 23 жастағы үндіс былай деп жазыпты: «Чокто тіліміз бен мәдениетіміздің сақталып қалғанын мақтан тұтамын. Менің тайпам оны сақтап қалу үшін қолынан келгеннің бәрін жасауда». Аризона штатындағы навахо тайпасының өкілі, 14 жастағы өспірім өзінің туған жері туралы былай дейді: «Навахо тайпасы Юта, Аризона және Нью Мексико штаттарының 27 000 шаршы миль (шамамен 70 000 шаршы километр) ауданында өмір сүріп жатыр. Бұл адам көзі тоймас сұлулыққа тұнған жер». Висконсилық 18 жастағы бозбала былай депті: «Чиппева тайпасының Жоғарғы Көлдегі Қызыл жырада тұратындардың біріненмін. …менің болашақтағы мақсатым колледжде баскетбол ойнау».

Жаңалықтар бөлімінен оқырмандар әртүрлі оқиғалардың тынысымен танысады. Мәселен, жас үндістердің қолынан шыққан өнер туындыларының көрмесі, колледж ұйымдастыратын америка үндістерінің мәдениеті курсы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге арналған университет бағдарламасының тегін оқуы, «Америка үндістерінің жоғарғы оқу орындарына қатысты Ақ Үйдің бастамасының» жаңа жетекшісін сайлау тәрізді оқиғалар. Native Youth Magazine.com сайтында сонымен қатар спорт, фотосуреттер, мәдени шаралар күнтізбесі және хабарландыру тақтасы бар.

Сан-карлостағы апачи тайпасының тумасы Мэри Ким Титла 18 жыл бойы Аризона штатындағы теле жаңалықтар бөлімінде тілші болып қызмет етті. Үндістер мен үндіс тайпаларынан шыққан жастардың өміріне деген үлкен қызығушылығы Мэри Ким Титланың Native Youth Magazine.com сайтын ашуға түрткі болды.  Жас үндістер сайттан не көргісі келетінін білу үшін ол онлайн сауалнама жүргізіп, үш ұлымен (10, 15 және 19 жаста), туысқандарының балаларымен және өзге де жас үндістермен ақылдасты. «Үндіс текті жас америкалықтардан жан-жақтан ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Себебі бұл олардың өздеріне арналған сайт», – дейді ол.

2005 жылдың желтоқсанында Титла телевизия жаңалықтарындағы жұмысынан шығып, бар уақытын Native Youth Magazine.com сайтына арнады. «Тележаңалықтар жураналисті болу маған ұнайтын. Бірақ мен үндіс текті жас америкалық жастардың арасынан авторлар шоғырын қалыптастыруым керек екенін түсіндім. Журналдың көмегімен мен олардың дарыны мен өмір сүру салтын көпшілікке таныта аламын» дейді ол.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар