Радиодағы жастар үні

927 рет қаралды

Аптасына жеті күн жиырма төрт сағат бойы тыңдармандар әуен мен жастардың өмірі жайлы хабар тыңдау үшін http://www.youthradio.org/webradio сайтындағы Веб Радионы тыңдай алады. Жастарға әлемде не болып жатқанын хабарлап отыру үшін құрылған интернет-радио жаңалықтар, коментарилер мен танымал әуендерді ұсынады.

Веб-радио – 1992 жылдан бері жастарды дамытып, радиобағдарламалар дайындаумен айналысатын Жастар Радиосы (Youth Radio) медиа ұйымының заңды жалғасы. Жастар радиосының негізін радио журналист О’Лерри қалады. Оның мақсаты БАҚ-қа қол жеткізіп, оқыту арқылы жастардың интеллектуалды, шығармашылық және кәсіби өсуіне септесу әрі жергілікті және халықаралық радиостанцияларға жоғары сапалы медиа-өнім әзірлеу болатын. Жастар кәсіби мамандардың қол астында жаңа хабарларын жазып, төл бағдарламаларын шығарады.

Жастар радиосы көтеретін тақырыптар бүгінгі жастар тәрізді әралуан: сыныптасыммен тіл табысудан бастап терроризмге дейін. Таяудағы халықаралық жаңалықтар төмендегідей хабарларды қамтыды: Ауғанстан парламентіне үміткер болған 26 жастарғы бойжеткен, қара нәсілді студенттің Оңтүстік Африкадағы Кейптаун университетіндегі алғашқы күндері, 2005 жылғы Лондондағы жер асты өткеліндегі жарыс тұсында сол жақта өмір сүрген Америка студентінің әңгімесі.

Жастар радиосын Америка Құрама Штаттарының барлық жерінде Ұлттық қоғамдық радио (National Public Radio) мен жергілікті және коммерциялық пен коммерциялық емес, кейбір испан тілді де станцияларда тыңдауға болады. Бұдан бөлек Веб-Радионың шетелдік тыңдармандары Би-би-сидің (Британияның радиотарату корпорациясы) және Си-би-си (Канаданың радиотарату корпорациясы) Жастар радиосы бағдарламасынан тыңдай алады. Жастар радиосының орталық радиосы Калифорниядағы Берклиде орналасқан, сонымен қатар Вашингтонда, Атланта мен Лос-Анджелесте кеңселері бар. Жастар радиосының тілшілері барлық құрлықта жұмыс істейді.

Қайырымдылық қорлары, корпоративті демеушілер мен үкіметтік ұйымдардың көмегімен радио жұмысын үйлестіру, веб видео-өнім мен музыкалық хабар дайындау бойынша тегін курстар ұйымдастырады. 14-17 жас аралығындағы Беркли жастары кәсіби журналистер, дыбысинженерлер, музыкалық продюссерлер мен программистер жүргізетін 12 апталық курстарға қатыса алады.

Курсқа келушілердің 80%-ын табысы төмендер және 80%-ын түрлі түсті нәсілді жастар құрайды.

«Техникалық білім беру жастар радиосы алдына қойып отырған мақсаттардың бірі ғана. Жастар радиосы бағдарламасына қатысу арқылы журналисттік біліктілікті дамытып, жастар өздерінің ой-пікірлерін ауызша және жазбаша дұрыс жеткізуді, компьютер қолдануды, сыни тұрғыдан ойлауды, қысылтаяң жағдайлардан шығуды және тағы басқа да тәсілдерді үйренеді. …Курсты тәмәмдағандар келешекте кәсіби білім алуға мықты негіз болатын шынайы біліктіліктер мен қажетті деректермен қаруланып болашаққа нық сеніммен қарайды».

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар