Авторы: Дэниел Ларкин
Интернеттегі сауда-саттықтың салдарынан онлайн режимде де қылмыс кездеседі. Құқыққорғау мекемелері ғаламтордағы қылмысты тізгіндеу үшін жаңа әдіс-тәсілге көшті.
Дэниел Ларкин – Федералды Іздеу бюросы жанындағы Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы бөлімінің жетекшісі.
Фотомонтаж: Федералды Іздеу бюросы жанындағы Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы онлайндағы заңсыздықтарға қатысты азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды қарастыратын мекеме. Орталық бір қылмыскердің есебінен құрбанға айналған жүздеген мәліметтерді сараптап, құқыққорғау мекемелеріне іс дайындайды. (Суреттер AP/WWP тиесілі, логотиптер Федералды Іздеу бюросы жанындағы Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы рұқсатымен жарияланды)
Федералды Іздеу бюросы жанындағы Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы Интернеттегі Америкадағы және өзге елдердегі заңсыздықтарға қатысты шағымдарды тіркеумен айналысады. Онлайн режимнен келіп түскен шағымдарды сараптауға тұтас бір ұжымды жұмылдыру арқылы бұл орталық интернеттегі қылмысты зерттеумен айналысатын халықаралық, америкалық құқық қорғау ұйымдардың және азаматтардың мүддесі тұрғысынан жұмыс істейді.
«Интернеттегі қылмыс» немесе киберқылмыс деген түсінікке бір немесе бірнеше интернет компонетпен, яғни веб-сайт, чат немесе электронды поштаны пайдаланумен байланысты кез келген заңсыз іс-әрекет жатады. «Киберқылмыс» деген түсінік сонымен қатар тауарға арналған тапсырысты орындамау немесе қызмет көрсетпеу, компьютерлік жүйелерге заңсыз ену (бұзып кіру), интеллектуалды мүліктік құқықты бұзу, экономикалық бопсалау (коммерциялық құпияларды ұрлау), бопсалау, халықаралық көлемде қаржы жымқыру, адамның жеке басына қатысы мәліметтерді ұрлау тәрізді ауқымды қамтиды. Интернеттегі заңсыздықтардың тізімі ұдайы ұлғайып отырады.
Жалғасы келесі аптада жарияланады
“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай
Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)
Парақшамызға жазылыңыз
Бұл мәселе енді біздің қоғамның да “тәніне” жабысуы мүмкін. Қазірден алдын-алуды ойластыру керек.
Асхат ағай құнды ақпарат екен, аударып жариялағаныңызға рахмет! Жалғасын күтеміз.