//

Киберқылмыс

1714 рет қаралды

Жалғасы. Басы өткен аптада жарияланды.

Авторы: Дэниел Ларкин

Интернеттегі сауда-саттықтың салдарынан онлайн режимде де қылмыс кездеседі. Құқыққорғау мекемелері ғаламтордағы қылмысты тізгіндеу үшін жаңа әдіс-тәсілге көшті.

Дэниел Ларкин – Федералды Іздеу бюросы жанындағы  Интернеттегі заңсыздықтармен байланысты арыз-шағымды қарастыру орталығы бөлімінің жетекшісі. 

Орталықты құру туралы ой 1998 жылы бизнестің соңын ала қылмыс интернетке көшкенін мойындаған соң барып пайда болды. Федаралды Барлау Бюросына аталған қылмыс түрін барлап, оны алдын алу үшін арнайы әдістер қолдану қажеттілігі туындады.

Ол кездері азаматтар үшін Интернеттегі қылмысты айтып шағымданатын бір де бір мекеме жоқ еді. Әрі ФББ Интернет қылмысты жергілігті полиция мекемелеріне, ФББ-ға, сауда туралы Федаралды комиссия немесе АҚШ-тың пошта инспекция қызметіне (АҚШ-тағы пошта қызметінің құқыққорғау бөлімшелері) арызданатын заң бұзушылықтардан бөлек қарастырғысы келді.

1999 жылы Батыс Вирджиния штатындағы Могрантаун қаласында құрылған алғашқы офис Интернеттегі алаяқтыққа қатысты арыз-шағымды қарастыратын орталық деп аталды. Оның жұмысы Федералды Барлау қызметі мен «ақ жағалылардың» қылмысымен күрес ұлттық орталығымен бірлесе жүргізілді. Бұл ол кезде мемлекеттік және жергілікті құқық қорғаушылардың экономикалық және киберқылмыстың алдын алудағы әлеуетін арттыруды мақсат тұтқан АҚШ-тың Әділет Министрлігі аясында қызмет ететін коммерциялық емес құрылым болатын.

2002 жылы киберқылмыс деген сөз онлайндағы ұсақ алаяқтық пен құқық бұзушылықты қамтитын қылмыс деп анықтамасы нақтыланған соң орталық Интернеттегі заңсыздықтарға қатысты арыз-шағымды қарастыратын орталық деп өзгертілді. Кейін Федаралды Барлау Бюросы жаңа орталықты құрылымдап, кәсіби мамандарды тарту арқылы киберқылмысқа қарсы күрестің жұмысын күшейту үшін АҚШ-тың пошталық инспекциялық қызметіне, сауда жөніндегі федералды комиссиясына және Құпия қызметке сұрау салды.

Қазіргі күні Батыс Вирджиния штатындағы Фэрмонт қаласындағы Интернеттегі заңсыздықтарға қарсы арыз-шағымдарды қарастыратын орталықта алты федералды агент пен өндірістік фирмалар мен университеттердің 40-қа жуық сарапшысы және зерттеу жұмыстарын жүргізетін ведомствоаралық топтар жұмыс істейді. Олар интернеттегі заңсыздықтарға қатысты азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарды қабылдап, қарастырып тиісті федералды, штатты, жергілікті немесе халықаралық құқық қорғаушы немесе реттеуші ұйымдарға жолдайды.

Кез келген елдің азаматы орталық интернеттегі веб сайты арқылы (http://www.ic3.gov) интернеттегі қылмысқа қатысты арыз-шағымын қалдыра алады.  Ол үшін есімін, пошта адресі мен телефонын әрі қылмысқа қатысы бар деп күдікке алынған азаматтың немесе ұйымның аты-жөні мен байланыс телефондарын, заңсыздықтың сипатын әрі арызға қосымша өзге де мәліметті хабарлауы тиіс.

“Media Emerging” журналын қазақшаға аударған Асхат Еркімбай

Барлық авторлық құқықтар қорғалған. Автордың рұқсатынсыз көшіріп, жариялауға болмайды (с)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар