Байқайсыздар ма, былтырғы күзден бастап қала көшелері мен көпшілік орындарында, онымен қоймай басшылардың мойынына таққан галстуктарында, басқан кілемдеріне дейін ал қызыл түстің дендеп бара жатқанын. Бұл ненің белгісі? Жақсылық па, әлде, өткенді, өткен ғасырда келмеске кетті деп жүрген коммунизімді көксеу ме? Немесе қазақ халқын қанға бөктірген сол қызыл зұлматтың қайта қылаң бергені ме? Шыныменде біз адамзат тарихында қанышерлігімен қара тақтаға жазылған Ленин, Сталин, Мао Зе Дун, Хошеминдердің қанды жолы бізді қайта айланбастай етіп бір жолата шошынтқан жоқ па еді? Жаңа жылды да Санто Клаус болып қызыл шапан киіп көлбеңдеп өткіздік. Ұлуды ұмытып, қызыл айдаһар деп келген жылды да қызылдатып қарсы алдық…
Еліміздің түкпір-түкірінен өзінің сүйікті ал қызыл түсін жалындатып, ала бажақтап атын жазған сандаған қызыл реңді жанар-жағармай бекеттері мен сайлау науқанын сылтау қылып орақ пен балғасын кезеп орағытып, қызыл туын жайып жалмаңдап, «күн көсемдерін» көрінген жерде көтеріп, білегін сыбанып шыққан коммунистердің қылығынан іш құса болып жүргенде Бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі беті біртей шиқандай қып-қызыл бес мың сомалық банкнот ақшасын шығарғаны туралы айтып жатыр. Тіпті оның айналымға түскенін де жариялап үлгірді. Бұндай қызыл түсті ақшаның не үшін, кімге қажет болғаны түсініксіз. Біз өзіміздің қыранын қалықтатып, күнін жарқыратып, оюын өрнектеп Көгілдір Туын Көкке көтерген бейбітшіл, берекешіл Ел емес пе едік!
Енді келіп тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына жаңа қадам басқан шақта кешегі ат бауырына түсірген, ат тонымызды ала қашқан, атың өшкір деп лағнет жаудырған, ендігі көрмегенім сен бол деп хоштасқан, алақанды теріс жайып аулаққа жіберген аты да жаман, заты да жаман қасиеттсіз, қасыретті кезеңнің нышан-белгісінен не марқадам табамыз деп осығұрлым дәріптеп жатқанымыздың байыбына бара алмадық, ағайын!
Қарамер
Парақшамызға жазылыңыз
ал қызыл түс алауласа аспан жерге түсті дей бер…
Кешегі Кеңестер Одағы, күншығыстағы Қытай, ана Түркия, мына Қырғыздың жалаулары қызыл ғой. Бүгінгі Ресей де жаппай қызылдандыру саясатын жүргізіп жатыр. бұл да бізде содан қалыспайық деген шығар.
Есіңді жимасаң қазақ енді Ресейдің артына кірейін дегеннің белгісі осы
Қызыл пәле қайдан қаптап кетті деп бізде сөз етіп қойып едік. осындай жымысқы ісі бар екен-ау. Бір кем дүние-ау деген. қазақ байқұстың маңдайына құлдықты жазған-ау сірә.
Атымды неге Советхан деп қойдыңдар, қазақша ат таппадыңдар деп ата-анама өкпелеп жүрущі едім, Ленин атам қайта тіріліп келе жатса менің күнім туды деңдер!!!
орден медалдардың бауына дейін қызыл жолақ салып, орысқа қалай жағымсудың қамын ойлап жатқан секілдіміз
Қызылбай көкем (музей директоры) қуанатын болды ғой!
Қызылбай көкең қуанғанын қайтейін, бір күні қызыл көтен болғанда қуанғанның әкесі сонда болар.