//

Басшы ауыспаса, қайта тіркеудің қажеті жоқ

1349 рет қаралды
2

Саламатсыз ба, біздің қорымыздың негізгі бағыты – журналистік. Жарғысы бойынша (Устав) президенті 3 жылға сайланған. Алдағы қаңтарда үш жыл толады. Жетекшісін қайта тағайындау үшін не істеу керек? Қайта тіркеуден өте ме? Жетекшісі орнында қалған жағдайда не істейді?

Жауабы:

Егер Жарғыда қордың Президенті 3 жылға сайланады деп көрсетілген болса. Онда басшыны қайта сайлау немесе орнында қалтыру мәселесі жалпы жиналыста қаралады. Егер басшы өз орнында қалдырылатын болса, ол жөнінде хаттама толтырылып шешім қабылданады.

Ал егер басқа басшы сайлайтын болсаңыздар, Жарғыларыңыздағы тәртіп негінде шешім қабылданады. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттама мен шешім немесе үзінді (мөрмен бекітілген қатысушылардың жалпы жиналысының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінен) және тағы басқа барлық құжаттар жиыстырылып Халыққа қызмет көрсету орталығына өткізіледі.

Жалпы жиналыс өте салысымен 1 айдың ішінде қайта тіркеуге өткізу қажет.

Дайындаған Жанерке.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Саламатсыз ба, Біз қоғамдық қор ретінде құрылдық. Біз журнал шығару үшін не істейміз? Оны міндетті түрде тіркету қажет пе?

  2. Авторға бағытталады!
    Журналистика саласы бойынша қандай қызметтер атқарасыздар? Студенттерге тиер көмегі бар ма? Бар болса хабарласуларыңызды (осы хатқа жауап жазсаңыз жеткілікті) сұраймын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар