Соның салдарынан есімі қазақша жазылған азаматтарға зейнетақы қорына ақша аударылмауда.
Бір топ мәжіліс депутаттары ҚР Қаржы Нарығын қадағалау агенттігіне үшбу хат жолдады. Солардың бірі Депутат Құрманғали Уәли Жамбыл облысы, Қордай ауылы кәсіпкерлерінің мұңын жеткізді. Сөйтсек, еліміздегі екінші деңгейлі банктердегі компьютерлері қазақ тілін жатсынады. Сондықтан, аталған кәсіпкерлердің зейнетақы қорларына ақша аударылмаған. Жұдылғанға жұдырық болып, енді бұл азаматтар зейнетақы қорына ақша аударылмағаны үшін өсімпұл төлеуі тиіс.
Ұлттық Банктің хатына сәйкес барлық әлеуметтік жеке кодтардағы (ел ішінде СИК деп аталып кеткен құжаттағы) есімдер куәліктегімен бірдей болуы шарт. Десе де банктердегі компьютерлерде есептеуді жүргізетін бағдарламаларда қазақ әріптері болмағандықтан бұл ереже орындалмай келген. Осы мәселенің анық-қанығын білу мақсатында бухгалтерлерге хабарласқан едік. Солардың бірі Сұңқар Дамыс, бұған дейін құрылыс компаниясында қызмет еткенін, әрі осындай қиындықтармен жиі ұшрысқанын айтты. Бұл тығырықтан шығу үшін, бухгалтерлер әртүрлі амалдарды қолдануда.
“Құрылыс компаниясындағы көптеген жұмыскерлердің жеке куәліктері қазақ тілінде болатын. Сондықтан оларға зейнетақы қорына ақша аударғанда жоғарғы жақтағылардың бағдарламасы қазақшаны қабылдамайтындықтан, біз бөгде адамның атымен жіберуге мәжбүр едік. Себебі ақша аударымы қайтып келетін болса, азаматтар өсімпұл төлеуі тиіс”
дейді.
Яғни, кәулігіндегі ата-тегінің есімін дұрыс жазып, толтырғандар экономикалық тұрғыда шеттетіліп отыр. Депутаттар да бұл жайтты назарға алған. «Қазіргі кезде тілдік ерекшелік бойынша алалауды көріп отырмыз» дейді олар. Екінші деңгейлі банктердің жауапсыздығы салдарынан бейкүнә жандарға айыппұл салынуда. Қордай ауданындағы кәсіпкерлерге енді төрт ай бойы өсімпұл жазылуда. Аталған мәселеге тікелей жауапты ҚР Қаржы нарығын қадағалау ұйымының басшысы Елена Бахумтоваға бұл сауал-хат өткен аптада жолданды. Әзірге құзырлы мекеме жауап қайтарған жоқ.
Ал еліміздің бухгалтерлері болса, мұндай мәселенің туындауына компьютерлік бағдарламалардағы түсінбестіктер кінәлі дейді. Себебі “1C” тәрізді бухгалтерлер пайдаланатын бағдарламаға қазақ әріптерін қондырса, оның мүмкіндіктері шектеліп қалады екен. Сол себептен көптеген қаржы мекемелері бұл бағдарламаның орыс тіліндегі нұсқасын қолдануда. Ал орыс тіліндегі нұсқада қазақ әріптерінің орнына сұрақ белгісі шығып тұрады.
Мінекей, дәл осылайша қазір өзінің ата-тегін қазақша дұрыс толтырып жүргендер екінші деңгейлі банктегі қызметкерлердің кесірінен, яки компьютерлік бағдарламаны сылтауратып, экономикалық тұрғыдан шеттетілуде. Маңдай терімен тапқан ақшаларын зейнетақы қорына аудара алмай, тіпті, есесіне өсімпұл төлеуге мәжбүр. Елена Бахмутоваға жолданған хатқа Розақұл Халмұрадов, Людмила Хочиева, Бекболат Тілеухан және Алдан Смайыл есімде депутаттар қол қойған.
Парақшамызға жазылыңыз
бұл билік тұсында бұл үдіріс дұрысталмайды
[…] адамдардан өсімпұл сұралады… Бұл туралы толығырақ мына жерден және мына жерден оқып, тыңдауға […]
Десе де дұрыстау үшін, біраз әрекет етіп көрсек те болар еді. Мәселен, соларға хабарласып, бір қоңырау шалып, түсінік талап етуге шамамыз жететін шығар. Әрі қарайғысын сосын көрерміз.
Интересно получается, только если честно не совсем уловил смысл, так как слабо понимаю ваш язык немного, ну а так в ситации в целом согласен с написанным полностью.
Халықтың қанын сорған банк қызметкерлері оттап отыр. Компьютерге қазақша қабылдату деген түкке тұрмайтын жұмыс. Еш қиындығы жоқ. Қазақтар ақымақ емес, программаны түету үшін айға ұшудың қажеті жоқ.