Жанерке, жұмыс істегеніме алты ай болды. Кезекті еңбек демалысына кете алам ба?
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
Еңбек кодексінің 101-бабында сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы көрсетілген.
Егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледі.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек демалысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.
105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
тәртiбi
1. Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн.
4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi.
5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезеңiн айқындау
Жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген он екi айды құрайды.
107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру
кезектiлiгi
1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi.
2. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi мүмкiн.
Дайындаған Жанерке.
Парақшамызға жазылыңыз
Кез келген азамат өз құқығын білуге міндетті. Әйтпесе жүресін Аузын ашылып. Адам үйінде қодекс сақталып тұруы тиіс. Рахмет Жанерке. Жалқау қазаққа кұкығын үйреткенің үшін.
Осы кезекті демалыс мәселесін түсінбей-ақ қойдым. Мен бір жылғы кезекті демалысымды өткізіп алған едім. Соны өндіріп ала алам ба?
Егер 14/14 вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкер жылдық еңбек демалысын тек ақшалай алам, ал алмаған демалысты басқа айы алам десе, сонда ол жұмыс берушіге арызды қалай жазу керек? Бұндай ақшалай алу мен демалысты артынан алу заңға қайшы келмей ме?
мен жұмыс жасағаныма он бір ай болды мен кезекті демалысқа шыға аламба?
саламатсыздар мен жакында дипломымды жогалтып алгам. бирак мен окыган оку орны жабылып калды. енди кайтадан дипломымды калпына келтире аламба. келтире алсам жолдары кандай. кенес бериниздерш. алдын ала рахмет!
Мен Жумахметова Мархаббат!2012 жылдын 5ши кантарда уакытша бала кутимимен отырган адамнын орнына комекши тарбиеши болып жумыска орналастым?енди сиздерден сурарым кезекти енбек демалысына шыга алам ба?орнымдагы адам 3жылга актай кун алып кеткен
Мархаббат әрине шыға аласыз
менің жұмысқа орналасқаныма 8ай болды! кезекті еңбек демалысына шыға алсам,оздравительный ала аламын ба? қанша көлемде? артынша жұмыстан шығамын
Уақытша жұмысқа қабылданған адам 6-айдан кейін кезекті еңбек демалысына шыға алама.Бірінші жылы еңбек етіп жатыр.
Мен аталған мектепке 15 сентябрьден бастап математика пәнінен мұғалімі ретінде бұйрық бойынша қабылдандым. Маған толық кезекті демалыс күндерім есептеле ме, әлде басқаша ма№ Оған дейін басқа облыста 19 жыл еңбек өтілімен 10 сентябрь 2014 жылы өз өтінішім( бойынша қоныс аударуыма байланысты)жұмыстан шығып, 13 қыркүйектен бастап осы мектепке орналастым