////

Сіздің сөреңізде қандай кітаптар тұруы тиіс?

3916 рет қаралды
4

Кітаптар тарихы адамзат пайда болғаннан басталады. Ең алғаш тасқа қашалып жазыла бастаса, екі мың жыл өткеннен кейін қағаз дүниеге басылып, адам санасының өскенін, дамығандығын дәлелдей түсті. Әлемде кітап көп. Санына жету қиын болар сірә. Дегенмен әлемге әйгілі болған, атынан бренд жасап алған  Google Books ұжымы 2010 жылы әлемдегі кітаптар санын анықтамаққа бел буыпты. Google Books ұйымының прогграммистінің блогында жарияланған ақпаратқа сенсек, әлемде -129 864 880 кітап бар екен. Мұның өзі әлі нақты жауап емес.  Ғаламшарда  130 млн.нан астам кітап болса да  олардың кейбірінің сапасын көтермейді және оқуға келмейді десек артық айтпаған болармыз. Бір жағынан ақпараттың дамыған заманында мінсіздікке қол жеткізу мүмкін емес болып бара жатыр. Бір күнде бітіріп нүктесін қоймаққа бекінетін шаруаңның өзі басыңдағы шашыңнан асып түседі. Содан ық–ықтап, титықтап, жанталасып, автобуста жағаласып білім алуға тырысасың.  Біз «Білім алу мүмкін емес болып бара жатыр, уақыт жетпейді!» деген сөздерден аулақпыз. Керек адам әрқашан сауатын салмақтай түспек. Басты мәселе біз қандай кітап оқып жүрміз және үйдегі кітап сөресінде әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан ҚАНДАЙ КІТАП ТҰРУ КЕРЕК? Осы сұрақ мазалайды. Тұрмыста таптырмайтын, үнемі ашып, керек деп есептейтін, бұрынғыдай жата жастана оқымасаң да аракідік үңіліп тұрудан кетары емес құнды кітаптар баршылық. Тек дұрыс таңдау жасау керек. Ары ойланып, бері ойланып, саралап, бастауынан сараптай отырып мынадай кітаптардың болуы міндетті деп  шештік. Сонымен…

  1. Кез келген отбасында сол отбасының мүшелері қабылдаған дінінің басты кітаптары. Мысалға Құран, Библия деген сияқты.  Қандай кітап болса да жақсы мен жаманнның, адамгершілік пен азғындықтың, сенім мен сезімнің не екенін білдіретін жазбалар болғаны дұрыс. Кез келген діни кітапта әлем бойынша мойындалған ережелер бар. Үлгі ретінде: біреудің  ала жібін аттама, ұрма, соқпа, өтірік айтпа деген ескертпелерді алсақ болады. Бастысы бұл кітаптар бүкіладамзаттық деп танылған.  Мұндай оқулықтың болуы адам бойындағы жақсы қасиеттердің сақталуына көмекші болуы мүмкін. 
  2. Кодекстер. Заңға бағынушы толық құқықты азамат ретінде шаңырағыңда құқыңның тапталмауына көмекші құрал болғаны абзал. Қазақстанда бір проблема бар екендігі белгілі. Біз заң ғылымын жетік білмегендіктен, кодексті оқымаудың салдарынан көп жағдайда өз құқымызды білмей сан соғып жатамыз.  Бұл қарныңды аштырады.  Барлық кодексті сөреңде сақтап, оқымасаң да маңызды дегендер қолжетімді жерде болған дұрыс. Әлеуметтік, азаматтық, еңбек, салық кодекстерінің болуы  құқыңның тапталмауына ықпал етеді.  Керек уақытында ашып оқысаң пайдасы бар.
  3. Көлік жүргізу ережесі мен жол жүру ережесі жайлы кітаптар.   Бүгінде еліміздегі  әрбір бесінші немесе алтыншы азаматтың көлігі бар. Бірақ  сол жүргізушілердің барлығы  дерлік жол ережесін жүз пайыз біле бермейді. Соның салдарынан жол апаттары орын алып, жол жүру ережелері бұзылып жатады.  Күйбең тіршіліктен қолың қалт етіп боса қалса ашып оқығаның өзіңе жақсы.  Егер сіз құқықтық тұрғыдан және жол ережесін жақсы білсеңіз еліміздегі жемқорлықтың санын азайтуға көмектесесіз.
  4. Өз еліңнің тарихы жайлы көрнекті, тарихи кітаптар. Өткенін білмеген бүгінінен бейхабар.   Оның болашағы да бұлыңғыр екені белгілі.  Бейбітшілікте өмір сүріп жатқан еліңнің тарихын білмеу болмсыңа да сын болмақ.  Адам бойындағы ерекше бір рухтандыратын қасиет   – патриоттық қасиет. Отансүйгіштікті кез келген тұрғынның бойынан уақыт өте келе оятуға болады. Сөреде тұрған  тарихи кітаптың сыртына қарап -ақ мақтыныш сезімің оянады.
  5.  Заманауи сөздік.  Қоғам күннен күнге сауатын ашып, ғылымдар  пайда болып,  жаңа сөздер пайда болуда.  Теледидарды қосып қалсаң, жаңа сөз,  құжаттарда да жаңа сөздер т.б сондай.  Белгілі бір түсінбейтін сөзіңді сөздіктен тауып алсаң,  қиындықтан құтыласың.  Ескеретін мәселе  – оқулықты  дұрыс таңдай   білу.  
  6. Мамандығыңа не болмаса қызығатын салаңа байланысты  кітаптар.   Біздің миымыз қанша жерден ақпаратты қабылдаса да,  оны үнемі сақтап отыра алмайды.   Сондықтан кәсібіңізге байланысты ұғымдар мен теорияны, идеяларды арнайы кітаптан іздеген жөн. Ұмытып еске түсіре алмай жатсаңыз немесе шешіміңізге сенімді болмасаңыз оқулықтың  бір пайыз болса да көмегі тиер.  Біреулер психологияға қызықса, әлдекімдерге туристік саяхаттар ұнайды.   Қызыққан салаңа байланысты оқулықтар сенің жан -жақты болуыңа қол ұшын созады.
  7. Есіңде ерекше сақталған, қатты ұнатқан кітаптар.  Мұндай еңбектер жаның жабырқап, көңіл күйің түсіп,  еңбек етуге деген потенциалдың төмендеген кезінде   «оянуға»   таптырмас кітаптар. Жаңа идеяларды, ойларды өмірге әкелетіндей ой салар дүние болғаны жақсы. Мысалға, сіз жексенбі күні демалыстасыз. Бірақ күйбең тіршілікке келесі күні араласу керек және келер аптада  атқарар іс көп.  Ендеше тосылмай ұнайтын, қанаттана алатын «сиқырлы»  кітабыңыздың көмегіне жүгініңіз.  Жоқ дегенде көңіліңді көтереді. Кітап ісінде әр адамның талғамы  әр түрлі. Бірі афоризмдер оқыса, бірі поэзиядан, прозадан нәр алып жатады. Сондықтан бұл пунктте  талғамға ғана бағыну керек.
  8. Аталған кітаптардың дені қабылдануы жағынан өте ауыр. Бәрінің маңызы зор. Бірақ көңіл – күй деген алдамшы. Ол кез келген нәрсеге алдана салғанымен, дендегенін бәрібір алмақ.  Осы сәтте көңіліңді   дәмді, сүйікті аспен қанағаттаныруға болады.  Шаршағанда, не болмаса демалған сәтте Аспаздық кітапты неге қолға алмасқа? Кенеттен бір дәмді тағам жасап жегіңіз келді делік. Ғаламторыңыз болса керегіңізді табарсыз. Ал егер ол болмаса бәрібір сол кітапқа үңілуге тура келеді. Бір жағынан  балаң шақты еске түсіріп,  керемет әсер қалдырады. Түрлі түсті суреттері бар кітап болса, тіптен жақсы. Суретіне қарап сілекейің шұбырады. Тезірек ас дайындауға кірісесің. Бұл қыз- келіншектерге таптырмас құрал.

Әрине, біз ешкімге аталған оқулықтарды оқуға немесе сақтауға міндеттемейміз. Әркімнің өз қалауы мен өз талғамы бар. Тек пайдалы кітаптардың алдыңғы орында болғаны қоғамға, адамзатқа  әсерін тигізбек.  Бастысы – кез келген азамат болмысымен дараланып, сенімі артып, ортасында қадамын нық әрі анық баса алады. Ал бұл біздің жас мемлекетіміздің келешек өскіндеріне керектіде  таптырмас, құнды  сезім  Қадірлі оқырман! Қанша кітап оқысаңызз да, сақтасаңыз да, жинасаңыз да ерік – өзіңізде. Тек сол кітаптар оқылмай, босына шаң басып тұрмаса игі.

Рысгүл Мәтжанқызы

“Мінбер-Ақпарат”

Суреттер: Image Google
Парақшамызға жазылыңыз

4 Comments

  1. Иә, дұрыс айтасыз. Кітаптың орынын ешқандай дүние ешқашан баса алмайды. Ал, анау көрсетілген 130 миллон кітап бүкіл дүние жөнінен алғанда аздау екен.

  2. Менде көбінесе әдеби кітаптар. Оның бәрін жетінші түрге жатқызуға болатын шығар. Біраз сөздік, тарихи кітаптар бар. Енді жол ережесін, заңды, дінді түсіндіретін кітаптар жоқ мүлдем. 

  3. Менде тарих, әдебиет, мамандығымнан бар, кейбір заңдар мен жолда жүру ережесі бар екен

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар