ютуб-мектеп сайтының qr-коды
Білімнің маңызды екенін түсініп, осы салаға өз үлесін қосып жатқандардың да көп екені сөзсіз. Бүгін мен сіздерге де пайдасы тиер деп көбіңізге белгілі ютубтың (http://www.youtube.com/ ) білім саласында істеп жатқан еңбектері туралы айтып өткім келеді.
Ютуб тек қана ойын-сауық мақсаттарын ғана көздемейді, сонымен қатар білім алуға да өзінің қомақты үлесін қосып жатқаны анық. Ютубта білім алуға байланысты материалдарды қарайтын қолданушылардың саны уақыт өткен сайын көбейіп жатқандығын YouTube-білім бөлімінің басшысы Анджела Лин (Angela Lin) атап өтеді. Мына сілтеме арқылы барсаңыз http://www.youtube.com/education ресурстың ұсынып отырған мүмкіншіліктерімен таныса аласыз.
Мынау мектепке арналған жобасы http://www.youtube.com/schools
Сонымен қатар келесі каналдардан білімізді кеңейтуге, мұғалімдік жұмысыңызда қолдануға көптеген материалдарды таба аласыздар:
Crash Course –Джон Грин (John Green) дүниежүзі тарихының курсын ұсынады.
Deeps Sky Videos – Брэди Харанмен (Brady Haran) ғарыш зерттеулерін жүргізе аласыз
Intelligent Channel – білім, өнер, мәдениет саласының танымал қайраткерлері өзекті тақырыптарды талқылайды. Әртістер, режиссерлер, жазушылар мен музыканттардың сұхбаттарын тыңдай аласыздар.
Numberphile – бұл ресурс “цифрофилдерге” арналған. Брэди Харан (Brady Haran) цифрлардың артында тұрған тарихты талқылайды.
SciShow – Хэнк Грин (Hank Green) ғылым туралы түсінікті тілмен мәліметтер береді.
The Spangler Effect – Стив Спенглер (Steve Spangler) ерекше тәжірибелер жасап ғылымды түсінікті және қызық етуге тырысады.
Осындай ресурстарды көру, білу, үйрену, тәжірибе алмасу еліміздің білім саласының мамандарын қазақ тілінде де пайдалы ресурстарды жасауға ниеттерін оятады деген оймен
Бақытгүл Салыхова
Парақшамызға жазылыңыз
Казактын игилигине жарасын!