2019 жылы – Маусымның 29-30 күндері”Интерньюс” орталығының қолдауымен “Тренерлерге арналған тренинг” өткізді. Жоба құны – 2513400 тенге
2019 жылдың маусым айынан желтоқсан айына дейін “Іскерлік журналистика” жобасын жүзеге асырды. Жоба құны – 24000 АҚШ доллары. Жоба демеушісі – Қазақстандағы АҚШ елшілігі. Жоба аясында Қазақстанның екі ірі қаласында Орал және Шымкентте семинар тренинг, Алматы және Қаскелең қаласының жоғары оқу орындарында жобаның тұсаукесері болды. “Іскерлік журналистика” оқу құралы жарық көрді.
2018 жылы “Қазақ газеттері” ЖШС журналистері үшін семинар тренинг өткізді. Жоба құны – 306 000 тенге
2017 жыл: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының қолдауымен Қызылорда облысының кітапханашыларына арналған 2 семинар тренингі өткізді. Бірінші шара Наурыздың 30-31 күндері Қызылорда қаласының облыстық кітапханасында өтті. Шара бюлжеті 4509500 теңге.
Екінші шара 9-11 қарашада өткізілді. Шара бюджеті – 8700 АҚШ доллары
Үшінші шара – 28-29 Тамызда Астана қаласында өткізілді. Шара демеушісі – ERG group. Шара бюджеті 650000 теңге. Шара аяқталғаннан кейін игерілмеген 2 000 000 теңге қайтарылды.
2016 жыл: ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының қолдауымен Қызылорда облысының кітапханашыларына арналған 10 күндік вебинар өтті. Жоба құны: 1346400 теңге
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының
2013-2015 жылдарға арналған қорытынды
ЕСЕБІ
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры 2009 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті. Содан бері түрлі бағыттағы 20-ға жуық жобаны жүзеге асырды.
Ақпараттық бағыт:
www.minber.kz сайты өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонымен қатар, осы сайттың «Заңгер кеңесі» айдары тұрақты жаңаланып келді. Бұл айдар Сорос Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асуда. 2012 жылдың маусым айында «Мінбер» сайты Ақпарат және мәдениет министрлігі жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсында ІІ орынға табан тіреді. 2013 жылы 10 желтоқсанда Мемлекеттік тілді дамыту қоры жариялаған «Қазақтілді Интернет-сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауында «Шынайы өмір» номинациясын жеңіп алды.
Жаңа медиа бойынша журналистерге арналған тренингтер:
2013 жылдың 23-24-інде Шымкент қаласында өткен «Блогқұрылтайдың» тікелей ұйымдастырушысы болса, 2013 жылдың Қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Журналистік білім беру мәселелері: Жаңа медиа мүмкіндіктерін пайдалану” тақырыбында дөңгелек-үстел және үш күндік семинар тренинг болып өтті. Шараға журналистика мамандығының мұғалімдері қатысты.
Осы жылдың маусым айында Шымкентте “Алтын қауырсын” қоғамдық қоры және “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Интернет журналистика және оның ерекшеліктері” тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Тренингтің негізі мақсаты – Оңтүстік өңір журналистеріне интернет журналистиканың қыр-сырын үйрету және интернет технологияларды қолданудағы ерекшеліктерді сарапқа салу болды. Семинар-тренингке Шымкент қаласынан 10 журналист қатысты.
2014 жылдың Қыркүйектің 25-27-сі аралығында Қызылорда қаласында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы журналистеріне арналған «Ақпаратқа қол жеткізу» тақырыбында үш күндік семинар тренинг болып өтті.
2015 жылдың Сәуір айында Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Талдықорған қаласында «Ақпараттық қауіпсіздік және жаңа медиа толқыны» атты семинар-тренинг өтті. Шараның негізгі мақсаты – қазақтілді ақпарат кеңістігінде жаңа медиа технологияларын дамыту, бүгінгідей интернет қарқынды дамып отырған заманда оны қауіпсіз пайдаланудың ережелері қандай, өзіңді-өзің қауіпсіздендіру шараларын қалай білуге болады деген секілді сауалдарға жауап беру болды. Талдықорған қаласындағы Медиа орталықта өткен семинарға отызға жуық адам қатысып білгендерін пысықтап, білмегендерін үйреніп қайтты. Қатысушылар арасында ЖМУ-дың журналистика кафедрасының студенттері, Талдықорған қалалық БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Жас отан» белсенділері болды. Семинар-тренингте «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының тренерлері және Сулеймен Демирель атындағы университеттің “Журналистика” кафедрасының оқытушылары Есенгүл Кәпқызы мен Асхат Еркімбай жүргізді.
Алматыда 2015 жылы Мамырдың 29-30-ында Internews Network пен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен тренерлерге арналған тұңғыш қазақ тіліндегі тренинг өз мәресіне жетті. Тренингке Қазақстанның әр түкпірінен арнайы конкурс арқылы таңдалып алынған 12 медиатренер қатысты. Айта кету керек, бұндай тренингтер қазақ тілінде бұдан бұрын өткізілмеген еді.
2015 жылы 15-Маусымда Қызылорда облыстық Ә. Тәжібаев атындағы ғылыми-көпшілік кітапханада “Facebook арқылы блог жүргізу және қауымдық БАҚ” тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.
Семинар-тренингті Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы мен ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы қолдап, “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырды. Семинар-тренингке Қызылорда облысының кітапханашылары мен онлайн орталықтың өкілдері қатысты. Семинар-тренингтің мақсаты – қауымдық БАҚ-тарды дамыту арқылы жергілікті жұрттың үнін бұқараға естіртуді дәріптеу.
«Мінбердің өнімдері»
2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: Монологтан – диалогқа» және журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар» атты методикалық нұсқаулық дайындап шығарды.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының
2012 жылға арналған қорытынды
ЕСЕБІ
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры 2009 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті. Содан бері түрлі бағыттағы 10 жобаны жүзеге асырды. Соның бесеуі биылғы жылдың еншісінде.
Ақпараттық бағыт:
www.minber.kz сайты өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонымен қатар, осы сайттың «Заңгер кеңесі» айдары тұрақты жаңаланып келді. Бұл айдар Сорос Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асуда. 2012 жылдың маусым айында «Мінбер» сайты Ақпарат және мәдениет министрлігі жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсында ІІ орынға табан тіреді. Бүгінде «Мінбер» сайтына күнделікті кірушілердің саны 10000-нан асты. 2011 жылдан www.kazjur.kz блог тұғырнамасы жұмыс істеп келеді. Онда бүгінде 1000-нан астам блог тіркелген.
Жаңа медиа бойынша журналистерге арналған тренингтер:
2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қазақстанның бес өңірінде – Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі күндік семинар тренинг және «Интернеттің қоғамдық санаға әсері» атты бір күндік дөңгелек үстел өткізді. Шымкент қаласында оңтүстіктегі журналистердің басын қосқан семинар-тренинг 20-21 сәуір айында өтті. Семинар-тренингке Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысынан 20 журналист қатысты. 10-12 мамырда Петропавл қаласында «Интернет қоғамдық санаға қалай әсер етеді?» тақырыбында дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Оған солтүстік өңірлерден – Павлодар, Қостанай, Астана, Қарағанды және Петропавл қаласынан 20 журналист ат салысты. Өскеменде мамыр айының 31-інен маусымның 2-сі аралығында өткен дөңгелек үстелге клеген 23 журналист «Қазақ интернеті және қазақтілді контент жайында» ой бөлісті. Шілденің 13-14 күндері Атырау қаласындағы бас қосуға 15 журналист қатысып, интернеттің қоғамдық санаға әсері жайында тағы да ой бөлісіп, жаңа медиа технологияларының қыр-сырымен танысты. Шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қоры қолдады. Сондай-ақ, аталған облыстардағы оқу орындары, айталық, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Мамаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті және Атырау мемлекеттік Х. Досмұхамедов атындағы университеті секілді оқу орындары аудиторияны тегін ұсынды. Наурыздың 31-інде «Beeline» сауда белгісімен танымал «Кар Тел» компаниясының ұсынысымен Ақтөбе қаласында «Телекоммуникация нарығы және жаңа медиа» тақырыбында бастытағы үш облыс журналистеріне арналған екі күндік семинар тренинг ұйымдастырылды. Аталған шараларда 70-тен астам блог ашылып, журналистер жаңа медиа технологияларымен танысты. Сөйтіп өз ресурстарын әлеуметтік желі арқылы жарналмалау және ақпаратты аудио-видео арқылы таратудың мүмкіндіктерін жете меңгерді. Сонымен қатар, журналистерге медиа құқық жайында арнайы дәрістер оқытылды.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің қолдауымен 1-2 қараша күндері Алматыда әл-фАраби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар, жаңа технологиялар» атты дөңгелек үстел және журналистика факультетінің қазақ бөлімінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Дөңгелек үстелде журналистік білім берудің мәселелері талқыланып, нақты іс-шаралар жайында пікір талас өрбіді.
Журналистерге арналған семинарлар:
2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ақпараттық технология мамандарының басын қосқан екі ірі шара ұйымдастырды. Оның бірі – наурыз мейрамымен тұспа-тұс өткізілген қазақ блогшыларының ІІ құрылтайы болса. ІІ блоқұрылтай 21-22 наурызда Назарбаев университетінде өтті. Екіншісі – 22-23 желтоқсанда Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген Астана интернет форумы. Екі шараға да жиыны – 200-дей адам қатысып, қазақ интернетін дамытудағы игі қадамдар және бағдарламалар, тың жобалар, идеялар ортаға салынды.
«Мінбердің өнімдері»
2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: Монологтан – диалогқа» және журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар» атты методикалық нұсқаулық дайындап шығарды.
Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі:
Қазақстанның Медиа Альянсы: Қазақстанның медиа ұйымдарының әріптестігі Қазақстанның Медиа Альянсы (ҚМА) 2009 жылдың шілдесінде Сорос-Қазақстан Қоры қолдаған үйлестірушілік кездесуде Қазақстанның бірқатар медиа ұйымдарының шешімімен құрылған болатын. Бүгінгі күні ҚМА құрамына Қазақстанның 8 аймағында орналасқан 12 медиалық ҮЕҰ кіреді. Құрылғалы бері ҚМА бірқатар жобалар мен бастамалар жүзеге асырды, ол жайлы ақпаратты Альянстың ресми сайтынан ала аласыз: www.mediaalliance.kz.
Ұйым туралы қысқаша ақпарат
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – қазақстандық бір топ журналистердің бастамасымен 2009 жылы құрылған, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым.
Міндеті – тәуелсіз және объективті БАҚ-дарының күш-қуатын нығайту, қоғамдық ұйымдар мен адам құқығын және негізгі еркіндіктерді қорғау арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу.
Мақсаты:
* Қазақстандағы медиалық білімнің дамуы және қазақстандық, халықаралық медиа-сала үшін кадрлар дайындау;
* Объективті, әлеуметтік тұрғыда белсенді, кәсіби және тәуелсіз жаңа қазақстандық журналистер толқынын қалыптастыру;
* БАҚ қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға үлес қосу;
* Қазақстан, Орталық Азия, ТМД журналистерінің өзара әріптестігін нығайту;
* БАҚ пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды дамыту;
* Масс-медиамен әріпестікті күшейту арқылы азаматтық қоғамның дамуына ат салысу.
Орталық журналистиканың дамуы, журналистердң құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету жолында жұмыстар атқарып жүрген қазақстандық және халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыста.
* журналистика саласындағы білім,
* журналистика бойынша оқытушылық кітаптар шығару,
* үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі,
* құқықтық бағыт.
2012 жылы және оның алдында жүзеге асырылған өзге де жобалар жайлы ақпаратты www.minber.kz сайтында «Жоба және есеп» бөлімінен ала аласыз.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының
2009-2011 жылдарға арналған қорытынды
ЕСЕБІ
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры 2009 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті. Содан бері түрлі бағыттағы 5 жобаны жүзеге асырды.
Ақпараттық бағыт:
www.minber.kz сайты іске қосылды.
2009 жылдың қыркүйегінде Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі Президенттік қордың қолдауымен www.minber.kz сайты іске қосылды. Содан бері сайт жұмысын тоқтатқан жоқ. 2010 жылы «Мінбер» сайты Алматы қаласы Тілдерді қолдау басқармасы жариялаған конкурсқа қатысып, арнайы граматомен және бағалы сыйлықпен сыйланды. 2011 жылы «Мінбер» сайтының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы «Нұр Отан» партиясының жыл сайынғы дәстүрлі «Нұр сұңқар» сыйлығымен марапатталды. 2011 жылдың күзінде сайты «Нұр Отан» партиясының «Тілге құрмет – елге құрмет» конкурсына қатысып, «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан үздік ұжым» номинациясы бойынша үздік деп танылды. 2011 жылдың қазан айынан бастап, Сорос Қазақстан қорының қолдауымен «Заңгер кеңесі» деген арнайы айдар жұмыс істейді. Бүгінде «Мінбер» сайтына күнделікті кірушілердің саны 1000 асты.
Жаңа медиа бойынша журналистерге арналған тренингтер:
2010 жылы 28-29 мамырда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қорының қолдауымен, ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнының серіктестігімен Алматы қаласында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі күндік семинар тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке 60-тан астам өтініш келіп түсті. Республиканың барлық аймағын қамтыған бұл шараға аймақтардан 20, Алматы қаласынан 15 журналист қатысып, жаңа медиа арқылы өз шығармашылықтарын қалай дамытуға болатындығы үйретілді. Осы семинар барысында 25 блог ашылды. Бұл семинар өзге де журналистердің ынтасын оятты. Нәтижесінде өзге қорлардан ұсыныстар түсті. Сөйтіп, АҚШ елшілігінің жеке тұлғаға грант беру жобасымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Талдықорған қаласында «Аймақтық журналистика және жаңа медиа» тақырыбында екі күндік семинар тренинг өткізді. Семинар тренингке 12 журналист қатысып, 12 блог ашылды. Сонымен қатар, журналистерге медиа құқық жайында арнайы дәрістер оқытылды.
«Beeline» сауда белгісімен танымал «Кар Тел» компаниясының ұсынысымен Шымкент қаласында «Телекоммуникация нарығы және жаңа медиа» тақырыбында оңтүстік үш облыс журналистеріне арналған екі күндік семинар тренинг ұйымдастырылды.
2011 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қорының қолдауымен Алматы және Астана қалаларында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі семинар-тренинг өткізілді.
Алматыда мамыр айының 27-28-і күндері ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнының серіктестігімен өткен аталған семинар-тренингке еліміздің оңтүстік, батыс және шығыс өңірлерінен 60-тан астам өтініш түсіп, өңірлерден 20, Алматы қаласынан 10 журналист қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Астанада маусымның 24-25-і күндері Назарбаев университетінің серіктестігімен өткен семинар-тренингке еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық өңірлерінен 50-ге жуық өтініш түсіп. Өңірлерден 18, Астана қаласынан 7 журналист іріктеліп алынды. Семинар-тренингтің негізгі бағыты – жаңа медиа технологияларын үйрету, интернетке жазудың ерекшеліктері және медиа құқық тарапынан арнайы блог ұйымдастырылған.
Журналистерге арналған семинарлар:
2009 жылдың желтоқсан айының 12-сінде IWPR «Соғыс және бейбітшілік репортаждары» институтының Алматыдағы өкілдігімен бірлесе отырып, «Қазақ баспасөзі: бүгіні мен ертеңі» атты бір күндік семинар өткіздік.
2010 жылдың 12 ақпанында “Әділ сөз” халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымымен бірлесе отыры, “Қазақ интернеті және заңнама мәселелері” атты бір күндік семинар ұйымдастырылды
2010 жылдың 6-наурызында Nokia компаниясымен бірлесе отырып қалтафонның жаңа мүмкіндіктері, соның ішінде оны қазақша сөйлету жайында семинар өткізді.
2011 жылы маусымның 28-інде Алматыда АҚШ елшілігінің қолдауымен “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы мен “MediaLab” медиа коммуникация орталығының ұйымдастыруымен “Интернеттегі қазақтілді контентті дамыту жолдары” атты дөңгелек үстел өткізілді.
Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі:
Қазақстанның Медиа Альянсы: Қазақстанның медиа ұйымдарының әріптестігі Қазақстанның Медиа Альянсы (ҚМА) 2009 жылдың шілдесінде Сорос-Қазақстан Қоры қолдаған үйлестірушілік кездесуде Қазақстанның бірқатар медиа ұйымдарының шешімімен құрылған болатын. Бүгінгі күні ҚМА құрамына Қазақстанның 8 аймағында орналасқан 12 медиалық ҮЕҰ кіреді. Құрылғалы бері ҚМА бірқатар жобалар мен бастамалар жүзеге асырды, ол жайлы ақпаратты Альянстың ресми сайтынан ала аласыз: www.mediaalliance.kz.
Ұйым туралы қысқаша ақпарат
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – қазақстандық бір топ журналистердің бастамасымен 2009 жылы құрылған, коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым.
Міндеті – тәуелсіз және объективті БАҚ-тардың күш-қуатын нығайту, қоғамдық ұйымдар мен адам құқығын және негізгі еркіндіктерді қорғау арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына үлес қосу.
Мақсаты:
* Қазақстандағы медиалық білімнің дамуы және қазақстандық, халықаралық медиа-сала үшін кадрлар дайындау;
* Объективті, әлеуметтік тұрғыда белсенді, кәсіби және тәуелсіз жаңа қазақстандық журналистер толқынын қалыптастыру;
* журналистика саласындағы білім,
* журналистика бойынша оқу құралдарын шығару,
* үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара әріптестігі,
* құқықтық бағыт.
2010 жылы және оның алдында жүзеге асырылған өзге де жобалар жайлы ақпаратты www.minber.kz сайтында «Жоба және есеп» бөлімінен ала аласыз.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Алматы 25 қаңтар 2010 ж
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры
Жиналысқа қатысушылар:
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.
Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай, Жукел Қайрат.
Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қамқорлық кеңесінің мүшесі – Асхат Еркімбай.
Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі – Гулжайна Узбек.
Жиналыстың күн тәртібі
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Каптың есебі
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
ТЫҢДАЛДЫ
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап және бухгалтер Дамыс Сунхарлардың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
СӨЙЛЕДІ
Жиналыстың төрағасы Асхат Еркімбай Қор президенті Есенгул Кап пен бухгалтер Дамыс Сунхардың қор құрылтайшылары мен Қамқорлық кеңес мүшелері алдында есеп беруін сұрады.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап сөз сөйлеп, бір жыл бойғы қаржымен таныстырды:
– Қорға алғашқы қаржы Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі президенттік қордан (президенті Берік Әбдіғалиев) түсті. Ол қаржы тамыз айында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының есепшотына аударылды.
Қаржының көлемі – 1 000 000 (бір миллион) теңге.
Бұл қаржының 150 000 (жүз елу мың) теңгесі minber.kz сайтының дизайнын жасаған Жанарбек Матайға төленді. Кіріс салығымен қоса алғанда.
100 000 (жүз мың) теңгесіне қор жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында фотоаппарат сатып алынды.
Қордың бухгалтерлік жұмыстарын жүргізу үшін Notebook сатып алынды – 125 638 (жүз жиырма бес мың алты жүз отыз сегіз) теңге
Кеңсе заттарына – 8446 (сегіз мың төрт жүз қырық алты) теңге жұмсалды.
Қаламақы:
Бухгалтер – 70 000 (жетпіс мың) теңге (кіріс салығын қоса есептегенде);
Журналистерге – 64 000 (алпыс төрт) мың (кіріс салығын қоса есептегенде) теңге;
Қызметкерлердің жалақысы – 432 000 (төрт жүз отыз екі мың) теңге (кіріс салығы, зейнетақы жарнасы және әлеуметтік салық бұл сомаға енбейді)
Банк қызметіне және әлеуметтік салық пен зейнетақы жарнасына – 49 916 (қырық тоғыз мың тоғыз жүз он алты) теңге төленді.
Бұдан кейін қордың қаржылық құжаттарын жүргізген Дамыс Сунхар сөз алды:
– «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры өз жұмысын 2009 жылдың 19 қаңтарынан бастады. Қаржы министрлігінің Салық департаментіне әр тоқсан сайын есеп тапсырып тұру қажет екен. Біз ақша түспесе де, алғашқы екі тоқсанның есебін бердік. Осы уақытта біз қателесіп 201 форманың орнына 210 форманың есебін тапсырып қойыппыз. Сол себепті қорға және оның президентіне 160 мың теңге айыппұл салынды. Бұл айыппұлды Қалалық салық департаментіне арызданып жүріп, кешірім алдық. Ал қазір тоқсан сайын салық басқармасына тиісті құжаттарды тапсырып, есеп беріп келеміз, салықтар уақытында төленді. Жоғарыда Есенгул Кап ханым таныстырған шығындардың барлық құжаттары сақтаулы, біз оларды сіздерге таныстырып отырмыз. Демеушілік көмек жасаған Мемлекеттік тілді қолдау жөніндегі президенттік қорға тиісті есебін тапсырдық.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
Жиналысқа қатысушылар «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгул Кап пен оның қаржылық істерін жүргізген Сунхар Дамыстың есебін тыңдап, тиісті құжаттармен танысты. Құжаттардың барлығы заңға сай, заңдық негіздері нақты екендігіне көз жеткізіп, есеп қабылдансын деген шешімді қабылдауды ашық дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылардың бір ауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Қоғамдық қордың бір жылдық есебі тыңдалып, қабылданды.
Жиналыстың төрағасы Асхат Еркімбай
Жиналыстың хатшысы Гулжайна Узбек
Жиналысқа қатысушылар: Амангул Баярхан,
Бақытбек Бамыш,
Гүлжайна Узбек,
Әлия Сембай,
Жукел Қайрат.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру туралы Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Алматы 8 маусым 2010 ж
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры
Жиналысқа қатысушылар:
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.
Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай.
Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшысы – Есенгул Кап.
Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі – Амангул Баярхан.
Жиналыстың күн тәртібі
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
ТЫҢДАЛДЫ
Жиналыстың төрағасы Есенгул Каптың ұсынысы тыңдалып, көпшілік дауысқа салынды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
СӨЙЛЕДІ
Жиналыстың төрағасы Есенгул Кап «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құру туралы өз ұсынысын ортаға салды. Ол «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы жанынан «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құрып, оның жетекшісі ретінде Асхат Еркімбайды ұсынатындығын айтады:
– Қоғамдық қордың Жарғысының 3-бабының 5-тармағында көрсетілгендей филиалдар ашуға және зерттеу орталықтарын құруға құқылы. Біз осыны негізге ала отырып, «Жаңа медианы зерттеу орталығын» құра аламыз. Және осы саладағы білгір маман Асхат Еркімбай оны басқара алады деп ойлаймын, – деді ол.
Ұсыныс бір ауыздан мақұлданып, ашық дауыс беру арқылы қордың Қамқорлық кеңесі бекітілді.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
Жиналысқа қатысушылардың ашық дауысқа салуы нәтижесінде «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының жанынан Жаңа медианы зерттеу орталығы құрылып, оның жетекшісі ретінде Асхат Еркімбай сайланды.
Жаңа медианы зерттеу орталығы Жарғыға сәйкес тендерге қатысып, өз жобаларын ұсына алады. Ал, қаржы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының есеп шоты арқылы жүргізіледі.
Жиналыстың төрағасы Есенгул Кап
Жиналыстың хатшысы Амангул Баярхан
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының Қор құрылтайшыларының жалпы жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Алматы №5 28 қаңтар 2011 ж
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры
Жиналысқа қатысушылар:
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары – Есенгул Кап, Амангул Баярхан.
Бақытбек Бамыш, Асхат Еркімбай, Гүлжайна Узбек, Әлия Сембай, Жукел Қайрат.
Жиналыстың төрағасы: «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қамқорлық кеңесінің мүшесі – Амангул Баярхан.
Жиналыстың хатшысы – «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының үйлестірушісі – Гулжайна Узбек.
Жиналыстың күн тәртібі
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Каптың есебі
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
ТЫҢДАЛДЫ
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап және бухгалтер Дамыс Сунхарлардың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
СӨЙЛЕДІ
Жиналыстың төрағасы Амангул Баярхан Қор президенті Есенгул Кап пен бухгалтер Дамыс Сунхардың қор құрылтайшылары мен Қамқорлық кеңес мүшелері алдында есеп беруін сұрады.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының президенті Есенгул Кап сөз сөйлеп, бір жыл бойғы қаржымен таныстырды:
– 2010 жылы қорға алғашқы қаржы 11 наурызында Сорос Қазақстан қоры мен 18 наурызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінен түсті. Жобаның аты «Қазақтілді БАҚ тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» деп аталды. Жобаның жалпы құны – 2 544 000 (екі миллион бес жүз қырық төрт) теңге. Оның – 1 306 000 (бір миллион үш жүз алты мың) теңгесі ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінен, ал 1 238 000 (бір миллион екі жүз отыз сегіз мың) теңге түсті. Оның 1110000 (бір миллион бір жүз он мың) теңге жалақы мен қаламақыға жұмсалды, Республикалық тренинг өткізуге 1 146 000 (бір миллион бір жүз қырық алты мың) теңге арналған болатын. Оның 180 000 (бір жүз сексен мың) теңгесі тренерлер мен қатысушылардың жолақысына, 560 000 (бес жүз алпыс мың) теңге тренерлер мен қатысушылардың қонақ үй шығынына, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге қатысушылардың түскі және кешкі асына және кофебрейкке жұмсалды. 10 000 (он мың) теңге кеңсе заттарына кетті. Бұл статьядан 150 000 (жүз елу мың) теңге үнемделді, сөйтіп 996 000 (тоғыз жүз тоқсан алты мың) теңге жұмсалды. Әкімшілік шығындарға 288 000 (екі жүз сексен сегіз мың) теңге арналған, бұл ақша түгел жұмсалды. Осы жобадан 160 000 (жүз алпыс мың) теңге үнемделді. Біз бұл ақшаны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эндрю Оффенбахерге хат жазып, «Қазнеттің құқықтық реттелуі және оның қазақ интернетінің дамуына ықпалы» атты дөңгелек үстел ұйымдастыруға жұмсауға рұқсат етуін сұрадық. Эндрю Оффенбахер мырза келісімін берді. Сөйтіп IWPR (Соғыс және бейбітшілік репертаждары институты) мен бірге дөңгелек үстел өткіздік. Жоғарыдағы қаржыға Астанадан депутат Мұрат Әбеновті, Қарағандыдан Мейрамхан Жәпекті шақырып, қонақүй және жол шығындары өтелді, әрі қаламақы төленді.
Бұдан кейінгі қаржы BarCamp Central Asiya 2010 Ашық коммерциялық емес конференциясын өткізу мақсатында Сорос Қазақстан қорынан түсті. Ол қаржы наурыз айында «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қорының есепшотына аударылды. Бұған орай «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры мен Сорос Қазақстан қоры арасында 2010 жылдың 30 наурызында № 18974 келісім шарты жасалды.
Қаржының көлемі – 1 852 000 ( бір миллион сегіз жүз елу екі мың) теңге.
Бұл қаржының 420 000 (төрт жүз жиырма мың) теңгесі Интернет жайлы талқылауларға қатысатын сарапшылардың көлік шығындарына, 360 000 (үш жүз алпыс мың) теңгесі BarCamp конференциясына Қазақстан аумағынан келетін қатысушылардың жол ақысы үшін жоспарланған. Оның 261 896 (екі жүз алпыс бір мың сегіз жүз тоқсан алты) бірінші статья бойынша жұмсалды, ал екінші статья бойынша 319 175 (үш жүз он тоғыз мың бір жүз жетпіс бес) теңге жұмсалды, ал мынау екі статьядан қалғаны 198 929 (жүз тоқсан сегіз мың тоғыз жүз жиырма тоғыз) теңге.
Интернет жайлы талқылауларға қатысатын сарапшылардың, BarCamp конференциясына Қырғызстаннан келетін қатысушылардың, BarCamp конференциясына Қазақстан аумағынан келетін қатысушылардың қонақ үйде тұруына 825 000 (cегіз жүз жиырма бес мың) тенге жоспарланған. Оның 737 500 (жеті жүз отыз жеті мың бес жүз мың) теңгесі жұмсалды, ал қалғаны 87 500 (сексен жеті мың бес жүз) теңге.
Интернет пен көлік қызметіне 30 000 (отыз мың) теңге қарастырылған.
Жалақы қоры: 217 000 (екі жүз он жеті мың) теңге. Салыққа 60 000 (алпыс мың) теңге жұмсалды. Барлығы Баркэмп шараларын өткізуге 1605 000 (бір миллион алты жүз бес мың) теңге жұмсалды. 247 000 (Екі жүз қырық жеті мың) теңге Сорос Қазақстан қорына қайтарылды.
Бұдан кейін қордың қаржылық құжаттарын жүргізген Дамыс Сунхар сөз алды:
– «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры өз жұмысын 2009 жылдың 19 қаңтарынан бастады. Қаржы министрлігінің Салық департаментіне әр тоқсан сайын есеп тапсырып тұру қажет екен. Сол үрдіспен екі жыл бойы салық комитетіне тиісті есебін тапсырып келеміз. Жақында ғана № 130 формасымен жылдық есеп тапсырылды. Салық органдарынан ешқандай претензия жоқ. Жоғарыда Есенгул Кап ханым таныстырған шығындардың барлық құжаттары сақтаулы, біз оларды сіздерге таныстырып отырмыз. Демеушілік көмек жасаған Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігіне тиісті есебін тапсырдық. Олардан ешқандай сын-ескертпелер болған жоқ.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ
Жиналысқа қатысушылар «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының президенті Есенгул Кап пен оның қаржылық істерін жүргізген Сунхар Дамыстың есебін тыңдап, тиісті құжаттармен танысты. Құжаттардың барлығы заңға сай, заңдық негіздері нақты екендігіне көз жеткізіп, есеп қабылдансын деген шешімді қабылдауды ашық дауысқа салды. Жиналысқа қатысушылардың бір ауыздан дауыс беруінің нәтижесінде Қоғамдық қордың бір жылдық есебі тыңдалып, қабылданды.
Жиналыстың төрағасы Амангул Баярхан Жиналыстың хатшысы Гулжайна Узбек
Жиналысқа қатысушылар: Бақытбек Бамыш,
Гүлжайна Узбек,
Әлия Сембай,
Асхат Еркімбай,
Жукел Қайрат.